17 мамырда «Атырау» сырт алаңда «Ақтөбе» командасымен футболдан ел чемпионатының ауыстырылған 7-турының матчын ойнады.
Атыраулықтар алаң иелеріне кеңістік бере отырып, ойынды екінші болып бастады, алайда, бірінші қауіпті сәтті қонақтардың өздері тудырды: бұрыштағы ойыннан соң «Ақтөбе» қақпасына қарай қатты соққы берілді, бірақ, қақпашы допты қағып ұстап қалды. Бірінші таймда «Атырауда» өздерінің өткір әрекеттерімен Марат ХАЙРУЛЛИН мен Виталий ЛИ көзге түсті. Үзіліске соғылар ысқырыққа дейін командалар бірнеше сәттермен алмасты, олардың кейбірін жеңісті деп те атауға болатындай еді. Бірақ, көрсеткіш тақтадағы есеп 0:0 болып қалды.
Екінші таймда ойын бірқалыпты арнаға ауысты, шамасы, ешкім қарсы шабуылға шығуға тәуекелге бармады. Дегенмен, ойынның соңына қарай матчтың тағдырын шешкен эпизод орын алды. Ойынның 78-ші минутында «Атырау» қорғаушысы Юре ОБШИВАЧ төрешінің пікірінше тыйым салынған тәсілмен айыппұл алаңында өзінің ақтөбелік әріптесі Рафкат АСЛАНДЫ амплуа бойынша тоқтатты. Пенальтиді алаң иелерінің шабуылшысы Мамуте ИУРИ жүзеге асырды. Кездесу соңына дейін есеп 1:0 «Ақтөбенің» пайдасына шешілді. «Ақтөбеде» өзгеріс болмады, атыраулық команда Сергей Павлов келгелі алғашқы рет жеңіліске ұрынды.
Келесі матчты «Атырау» 20 мамырда сырт алаңда павлодарлық «Ертіспен» өткізеді.
Марат ТАКУЛИН