Атырау, 22 желтоқсан 12:58
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» ФК Ел Кубогының жартылай финалына шықты

Сурет
3 591 просмотра

10 мамыр күні «Мұнайшы» стадионында «Атырау» командасы «Ақтөбемен» футболдан Қазақстан Кубогының ¼ матчын ойнады.

Атыраулық футболшылар алғашқы минутта-ақ өздерінің алаң иелері екенін көрсетуге тырысты. Алайда, сенбі күні «Қайратпен» өткен жеңіс матчынан кейін шаршағандықтары байқалып тұрды. Өз кезегінде меймандар біліктілікпен қорғана білді. Бірінші тайм бойына бәсекелестердің қақпаға қарай екі-үш рет доп соққандары болмаса, жанкүйерлер ақыры шиеленіскен сәттерді көре алмады.



Екінші таймда ойынға әжептәуір жан бітті. Қалай дегенмен де гол соғылатын сәттер болды. 50-минутта «Ақтөбенің» айыппұл алаңының маңында Йован ДЖОКИЧ қақпаға доп соқты, алайда сәл қиыс кетті.

Бірнеше минуттан кейін Марат ХАЙРУЛЛИНДЕ меймандардың қақпашысы Самат ОТАРБАЕВТЫҢ қақпасына доп салу мүмкіндігі пайда болды. Бірақ, оның айыппұл алаңының шетіндегі соққысы дұрыс шықпай, қақпашы допты қағып алды. Осыдан кейін қонақтар күш алып, өз әрекеттерімен «Атырау» қорғанысын абыржытып тастады. Қақпаға «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Асланбек КАКИМОВ қауіп төндіріп, доп соқты. Алайда, біздің қақпашы допты тойтарып тастады. Негізгі уақыттың аяғына қарай қожайындар шабуыл жасағанымен одан нәтиже шықпады. Есеп 0:0, бірақ бұл матчта тең ойын болмау керек. Сондықтан төреші 15 минуттан екі тайм болатын қосымша уақыт берді. Ойыншылар алаң шетінде өткізген қысқа үзіліс кезінде массажистер спортшыларға күш жинауға көмек көрсетіп жатқанда, «Атыраудың» бас бапкері Сергей ПАВЛОВ өз қамқорлығындағы спортшыларды жігерлендірумен болды.



Қосымша уақытта қауіпті сәттер болмады. Ал екінші овертаймның аяғында командалардың әбден шаршағандығы сезіліп тұрды. Матчтан кейінгі пенальти болатындай көрінген. Бірақ, кенеттен 119-минутта Марат Хайруллин бұрыштан доп беріп, оны Айбар НҰРЫБЕКОВ қақпа ортасына соғып, доп «Ақтөбе» ойыншысынан Иван РОДИЧКЕ қарай ыршып түсіп, ол допты қақпаға қарай асырып жіберді. Есеп 1:0 болды. Сөйтіп, «Атырау» Кубоктың жартылай финалына шықты.



Жартылай финалға «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен шымкенттік «Ордабасы» командалары шықты. Бұл кезеңде өз алаңында және көшпелі екі матчтан өткізіледі. Ойнайтын жұптар жеребимен анықталады, ал ойындар 24 мамыр мен 21 маусымда өтеді. Турнир финалы Ақтөбеде 31 қазанда болады.

Чемпионатқа келер болсақ, 14 мамырда 12-турдың матчында «Атырау» өз алаңында «Ордабасымен» ойнайды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

11 мамыр 2017, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.