2 мамырда «Атырау» футбол командасы өз алаңында «Қайсар» командасын (Қызылорда) қабылдады.
Жергілікті жанкүйерлердің қуанышына орай, чемпионат басталғалы матч алғаш рет «Мұнайшы» стадионында өтті. Алғашқы минуттарда ақ-жасылдар бәсекелесін айыппұл алаңына кіргізді. Алайда бастапқы шабуыл сәттілік әкелмеді, тайм ортасына қарай ойын алаң ортасына ойысты. Алғашқы 45-ші минуттың аяғында Новица МАКСИМОВИЧТІҢ нақты мүмкіндігі болды, алайда «Қайсардың» қақпашысы допты қақпасына дарытпады.
Екінші таймда алаң иелері нәтиже көрсетті. 48-ші минутта меймандар «Атырау» капитаны Марат ХАЙРУЛЛИНГЕ қатысты айыппұл ережесін бұзып, «нүктеге» Максимович жақындап, қақпаға доп салды. Есеп 1:0. Қайсарлықтар есепті теңестіруге ұмтылып, қыспаққа алып, жиі дөрекілікпен ойнай бастады. Қонақтар бірнеше рет құлатып, зақымдаған соң алаң иелерінің бас бапкері Сергей ПАВЛОВ жарақат алған Антон ЧИЧУЛИН мен Шавкат САЛОМОВТЫ ауыстыруға мәжбүр болды. Матчтың соңына қарай «Атырау» тек қорғанысты ғана ойлады, өйткені меймандар гол салуы мүмкін еді. Бірақ, қақпашы Андрей ПАСЕЧЕНКО керемет ойнады. Қорытындысында біздің командамыз минималды жеңіске жетті.
10-турдан кейін кестенің соңындағы үш командада - «Атырау», «Ақтөбе» және «Шахтёрде» қатарынан 6 ұпайдан болды. Алайда, «Атырау» доп айырмашылығымен 10-орынға көтерілді. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Сергей Павлов минималды есеппен жеңіске жету – қазіргі уақыттағы команданың қабілеті жететін шегі екенін мәлімдеді:
– Беріктік қоры көп емес, бірақ жігіттерге лайықты бағасын беру керек. Олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады, жан-тәндерімен беріле ойнады. Ойын сапасы бойынша, әрине, бұдан да жақсы ойнаса дейміз, біз оған да қол жеткіземіз деп ойлаймын.
«Қайсардың» бас бапкері Стойче МЛАДЕНОВ (өткен жылдың маусым-қараша айларында «Атырауға» жетекшілік еткен біздің ескі танысымыз):
– Сіздің қалаңызға тағы да келгеніме қуаныштымын, бірақ, әрине, жеңіліс тапқанымызға қынжыламын, - деген болатын.
«Атыраудың» келесі матчы - 6 мамырда өтеді, ол «Қайратпен» көшпелі ойын өткізеді.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор