Қыздар боксы бойынша облыстың жасөспірімдер құрамасы туралы команданың аға бапкері Әлібек КӨШЕНОВ (суретте) әңгімелейді.
«АЖ» анықтамасы: Әлібек Көшенов, 27 жаста, бапкерлік өтілі 6 жыл.
- Біздің қыздар Қазақстан құрамасындағы бірінші нөмірлі Назым Ищановадан үлгі алады. 2016 жылы Назым өз әкесі әрі қыздар боксы бойынша ересектер құрамасының бас бапкері Бейбіт Ищановтың тәлімгерлік етуімен Астанада өткен ҚР чемпионатында жеңімпаз атанды. Алайда Қытайда өткен лицензиялық турнирде жеңіліс тауып, 2016 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады. Өткен жылдың аяғында ол ұлттық құрама құрамында жекпе-жекке шығып, Ресейде өткен ірі халықаралық турнирде жеңіске жетті. Басқа атыраулық мықты спортшы, Болгарияда өткен жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ақмарал Шамшиденова осы турнирде екінші болды. Оны да біз жастарға үлгі етеміз. Осындай жұлдыздардың арқасында қыздар боксымен айналысушылар саны көбеюде.
Облыстық жасөспірім қыздар құрамасы ойдағыдай, тұрақты сайысқа шығып тұрады. Өткен жылдың наурызында Шымкентте 2000-01 жылғы қыздар арасында өткен ел чемпионатында Динара Зинулина 48 келіге дейінгі салмақта күміс алқа алды. Дина Ахметова 80 келіге дейінгі салмақта осындай нәтиже көрсетті, Зарина Халилолла 57 келіге дейінгі салмақта үшінші болды. Үшеуі де ҚР құрамасының екінші құрамына кіріп, төрт жылда бір рет Якутскде өтетін «Азия балалары» халықаралық турниріне дайындалды. Бірақ құрама бапкерлері айнып қалып, біздің қыздар турнирге бармай қалды.
Қарашада Құралай Исакова, З.Халилолла және Д.Зинуллина Степногорскде өткен республикалық турнирде жеңімпаздар атанды. Мамырда Астанада өткен турнирде З.Халилулла мен Дильназ Сұлтанкереева алтын алқаны жеңіп алды.
Желтоқсанда Алматыда ұлттық командаға мықтыларды кезектен тыс іріктеу турнирі өтті: оның жаңа бас бапкері Алмас Қуатбеков балғын, талантты жастарды көргісі келді. Бұл турнирде біздің үш қызымыз бақ сынады. Д.Зинуллина өз дәрежесін дәлелдеп, «Үздік техникасы үшін» сыйлығын иеленді. З.Халилолла мен Д.Ахметова қола жүлдегерлер атанды.
Содан кейін ҚР құрамасының құрамынан Д.Ахметова шығып кетіп, Д.Зинуллина мен З.Халилолла қалды. Олар қытай қыздарымен бірге жиында жаттығып, жаңа жылды Үрімшіде қарсы алды.
2017 жылдың ақпанында екі спортшы да Еуропа мен Канаданың үздік боксшыларының қатысуымен өткен халықаралық турнирге Швецияға барды. Рингтегі бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Динара ол жақта қола алқа алды. Қазір олар жақын күндері Шымкентте басталатын Жастар ойынына әзірленуде.
Біздің өңірімізде қыздар боксының танымалдылығы артып отқанын айта кету керек. Қазір ол Атырауда, Махамбет пен Құрманғазы аудандарында әжептәуір дамуда.
Атырау қаласындағы мамандандырылған бокс клубында ашылған 4 топта 50 қыз жаттығады. Сабақтарды жоғары білікті бапкерлер Бейбіт Ищанов, Мейрамғали Әбсенов, Алмагүл Шариева және облыстық федерациядан облыстың бас бапкерінің кеңесшісі Алексей Юн өткізеді.
- Чемпион қыздар көп кешікпей ересектер құрамына өтеді, олардың орнына спортшылар дайын ба?
- Жақсы ауысым болатын қыздар бар, олар Мәлика Есенова, Гауһар Зарден, танымал бапкер Қайрат Есқалиевтың қызы Бақыт Дилнас. Қыздар боксы бойынша жасөспірімдер санатындағы сайыстар елімізде өте аз өткізіледі. Сондықтан біз Атыраудан жыл сайын бір-екі республикалық турнир өткізуді жоспарлап отырмыз. Қыздар, көруге келіңдер, жазылыңдар, жаттығыңдар.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ