Атырау, 25 сәуір 06:00
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт жаңалықтары

3 631 просмотра

КАРАТЕ

Облыстық шинкиокушинкай карате-до федерациясының командасы кекушинкай карате бойынша Жаңаөзен қаласында өткен ашық чемпионатқа қатысты. 

Сайысқа Ақтаудан, Атырау мен Жаңаөзеннен 150 спортшы қатысты. Біздің қаламыздың намысын 8 адам қорғап, олардың барлығы алқа тақты: «алтын» - Әбдулфарид Көпболсын, Кирилл Ким, Ильяс Амангелдиев, Ислам Бақтығалиев және Бекзат Әміров, «күміс» - Нарынбек Құдайберген мен Фараби Баямиров, «қола» - Нарынбек Құдайберген.

* * *

Ақтөбеде карате-до бойынша бірнеше дүркін КСРО, Еуропа және әлем чемпионы Әшім Қалидың сыйлығына арналған халықаралық «Aktobe Open 2017» турнирі өтті

Турнирге Қырғызстаннан, Ресей мен Қазақстаннан 10 жастан жоғары жастағы 300-дей спортшы қатысты. Атыраудан 15 адам шығып, олардың ішінде Бекзат Руслан мен Ұлмекен Жалғас «алтын», ағайынды Файзолла мен Әбілмансұр Батырғалилар, Бейбарыс Жаңбыр мен Айнұр Мақсотқызы – «күміс», Аружан Жаңбыр «қола» алды. Бұдан басқа, Фархат Алтайұлы, Вячеслав Хороших пен Сергей Тё командалық кумитэде «қолаға» қол жеткізді.
Спортшылар мен бапкерлер қолдау көрсеткені үшін облыстық карате федерациясының құрметті президенті М.Б.Мұрзиевқа алғыс білдіреді. Спортшыларды «Қайсар» спорт клубының бапкерлер командасы А.Рахман, С.Торғаев, Б.Ізбасханов және О.Айтжанова дайындады.

ТАЕКВАНДО

Орал қаласында тамыз айында Мысырда өтетін әлем чемпионатына іріктеу үшін 2003-05 жылғы кадеттер арасында таеквондодан ел чемпионаты өтті. 

Атырау облысы құрамасында Бекежан Аманжанов (45 келіге дейін) «алтын», Дамира Саркенова (51 келіге дейін) - «күміс», Ангелина Гапоченко (29 келіге дейін) мен Мадияр Орынбасаров (65 келіге дейін) – «қола» алды. Балаларды бапкерлер Е. Алагузов, А. Нұржанов, О. Бершиев және А. Арықов дайындады. 

ММА

Атыраулық жекпе-жекшілер түріктің Кемер қаласында өткен ММА бойынша әлем чемпионатында табысқа жетті. 

95 келіге дейінгі салмақта «фулл-контакт» бөлімінде сайысқа шыққан Амангелды Бекқалиев Иранның, Ресейдің, Өзбекстан мен Түркияның құрамалары өкілдерімен 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңімпаз атанды. Қорытындысында алтын алқа иеленді.
Архат Мынбаев 71 келіге дейінгі салмақта «фулл-контакт» бойынша сайысып, екі жекпе-жек өткізіп, үшеуін нокаутпен аяқтады. Бірақ, финалда ұпай бойынша ресейлік бәсекелесінен ұтылып, күміс алқа алды.
Екі спортшы да «Батыс жекпе-жек» спорт клубында бапкер Асқар Үмбетовтің жетекшілігімен жаттығады. 

ТЕННИС

29 наурызда Қазыбаев атындағы мектеп-интернатта үстел теннисінен турнир өтті. Оған екі команда қатысты, олардың бірі жергілікті балалар және «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табыс етілді. Барлық қатысушылар ескерткіш сыйлықтарға ие болды. Турнир соңында Атырау облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бөлім бастығы Сәуле Төлегенова қорытынды сөз сөйледі. Өйткені, бұл жарысты аталмыш мекеме өзінің құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырған болатын. 

МУАЙ-ТАЙ

Алматыда муай-тай бойынша ел чемпионаты аяқталды. Ол мамыр айында Минскіде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болатын.

Атырау облысының құрамасы 4 алтын және 5 қола алқаны қоржынына салды. Рингте 8 өңірден келген 120 қатысушы бақ сынады. Атыраудың намысын «Қайсар» спорт клубы мен Доссор поселкесінің «Алан» спорт клубының палуандар командасы қорғады. 

Еламан Саясатов (51 келіге дейін), Ищан Ғалиев (57 келіге дейін), Әбіл Ғалиев (63,5 келіге дейін) және Айымгүл Асанова (54 келіге дейін) Қазақстан чемпиондары атанды. Дидар Жеңіс (48 келіге дейін), Еламан Үшекенов (51 келіге дейін), Бауырбек Мұханжан (65,7 келіге дейін), Жұмабек Тілекбаев (67 келіге дейін) және Жұмабек Мыңбай (71 келіге дейін) қола алқа иеленді.
Спортшыларды «Қайсар» және «Алан» спорт клубының бапкерлер командасы дайындады.





30 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.