Атырау, 5 қараша 05:51
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Ағаштар бүршік жарғалы тұр

10 074 просмотра

Биылғы күз ауасының температурасы нормадан жоғары, орташа алғанда 3-4 градус болды. Ал, бұл аздаған ауытқушылық күтпеген тосын жайға ұрындыруы мүмкін деп есептейді атыраулық орнитолог Федор САРАЕВ.

- Мәселен, жылы ауа-райының салдарынан дала құмдарында көк шөп көріне бастаған. Кірпілер мен борсықтар қысқы ұйқыларына кірісуге асығатын емес. Қаланы мекен ететін ұзақтар мен қарғалар ағаш басында неке ойындарын ұйымдастыруда. Әрине, олар ұяларын қазір қорғап жатқан жоқ, көктемдегідей дауыстар шығарады. Кейбір ағаштар мен бұтақтардың бүршік жарғалы тұрғанын байқауға болады. Салқын түскен кезде мұндай күзді көктеммен «шатыстырып» алған өсімдіктер өліп қалады,-дейді Ф.Сараев.

Каспий теңізі жағалауымен жанасып жатқан Жайық өзенінің сағасында суда жүзетін және су жағасында мекен ететін құстардың 292 түрі бар. Олардың 110 түрі осы жерлерге ұя салады, 76 түрі қыстап қалады. Ал, қалғандары бұл жерде маусымдық ұшу кезінде кездесіп жатады. Каспий теңізінің дәл солтүстік-шығыс жағалауы бойынша құстардың Сібір-Шығыс-Африкалық көшіп-қону жолы жүріп өтеді. Қазтұқымдастар, мәселен, күзде Каспийдің оңтүстігіне, Түркіменстандағы Красноводский қорығына бағыт алады, ал, бірқазандар Африканың солтүстік-шығыс жағалауына көшеді.

- Күзгі аңшылық маусымы дәл күздің соңғы күнімен аяқталды. Биылғы жылы аңшылар аң аулауға рұқсат етілген жерлерде жабайы құстардың аз болғандығын айтты, - дейді «Ақ Жайық» резерватының ғылыми бөлімінің жетекшісі Александр ИВАСЕНКО. - Шын мәнінде құстар азайған жоқ. Егер бұрын үйректер мен қаздар қамысты-құрақты тоғайларды мекен етсе, қазір олар теңіздің ашық таяздау жерлерінде жүреді. Ұшақпен қараған кезде құстардың жағалау аймақтардан қашық жерлерде жүруді қалайтындығын аңғаруға болады.

- А.Ивасенконың айтуынша, ол күздің жылылығына байланысты құстардың бойында қандайма бір ауытқушылықтарды байқамаған. «Дегенмен сұр қаз бен ақмаңдайлы қаздың және шықылдақ қаздардың көшіп-қону жолдарында өзгерістер пайда болды. Шынында ол жылы күзбен байланысты емес. Олардың маршруттары солтүстік-шығыс Каспий суы деңгейінің төмендеуімен байланысты өзгерген болуы керек».

Тамара СУХОМЛИНОВА

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.