Атырау, 22 желтоқсан 19:17
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» футбол клубында – жаңа бас бапкер

2 688 просмотра

«Атырау» футбол командасының жаңа бас бапкері болып 55 жастағы хорватиялық маман Зоран ВУЛИЧ тағайындалды.

Бұрынғы бас бапкер Стойчо МЛАДЕНОВ 2016 жылдың қарашасында маусым аяқталған бойда лауазымынан кеткен болатын.

Онымен шартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізілді, бірақ ол өте көп жалақы сұрады, - дейді «Атырау» ФК директоры Тимур НИҒЫМОВ. – Осыдан кейін біз Вуличке шықтық.

13 желтоқсанда Вулич Атырау командасының лагеріне келіп, бірден жұмысына кірісті. Ол Анталияда өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қаңтарда клуб басшылығына негізгі құрамға алғашқы үміткерлерді ұсынуға уәде берді.

Бұған дейін хорватиялық маман өткен маусымның чемпионы атанған молдавиялық «Шериф» командасын жаттықтырған болатын. Оның «Атыраудағы» көмекшісі бұрын «Хайдук» (Сплит) пен «Локомотивте» (Мәскеу) жұмыс жасаған, ал соңғы екі маусымда «Шерифте» Вуличке ассистент болған хорватиялық бапкер Младен Пралия болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
15 желтоқсан 2016, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.