Атырау, 22 желтоқсан 19:09
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Кимнің федерациясының ешкімге керегі жоқ»

3 533 просмотра

Сағындық МЕКЕЕВ

Макаода өткен Бүкіләлемдік аралас жекпе-жек (WMMAA) ассоциациясының конгресінде дау туындады. Бұл дау ҚР ММА федерациясының президенті Анатолий КИМ мен атыраулық жаттықтырушы, ҚР аралас жекпе-жек, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясының президенті Сағындық МЕКЕЕВ арасында өрбіді. Біз бүгін С.Мекеевпен әңгімелестік.

БІР ТУРНИРДЕГІ ЕКІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА

- Бұл даудың туындағанына да біраз болды. Оның бәрі 2013 жылы А.Ким пайда болғалы басталды. ММА спорт ретінде оған дейін де дамып келген болатын. Спорттың (WMMAA) бұл түрі алғаш рет Ресейде аты аңызға айналған ресейлік спортшы Федор Емельяненконың арқасында мемлекеттік құрметке ие болды. Кейін ММА басқа елдер де тани бастады. Қазақстанда алғаш рет 2013 жылы WMMAA мүшелігін қарағандылық жігіттер, атап айтқанда, Руслан Ищанов және оның достары иеленді. Олар тіпті еліміздің бірінші чемпионатын өткізіп, құрамалар жинап Украинада өткен Еуропаның ашық чемпионатына барды.

Бұл чемпионатқа А.Ким әкелген ҚР екінші құрамасы да келді. WMMAA президенті Вадим Финкельштейн жарысқа ассоциацияда мүшелігі бар команданы қосты. Құрамында Қазақстанның көптеген танымал спортшылары болса да Кимнің командасы жарысқа қатыстырылмады. Бұдан кейін олар қалай болғанда да ықпалды адамдардың көмегімен ҚР дене шынықтыру және спорт Агенттігінен тіркеуден тез арада өтіп, сол қағаздарын WMMAA көрсетіп, Қарағандыдан келген жігіттерді ығыстырып шығарды. WMMAA оларды ҚР ММА және джиу-джитсу федерациясы ретінде танудан басқа амалы қалмады.

Фейсбукте мұны біздің тарапымыздан рейдерлік деп жазғандар да болды. Алайда, іс жүзінде Кимнің ММА федерациясының ешкімге керегі жоқ. Бұл коммерциялық құрылым емес және оның кірістері де жоқ.

Анатолий КИМ

Біздің өзіміздің 2010 жылы тіркелген федерациямыз бар. Сол уақыттан бері біз ресми түрде ММА, бразилиялық джиу-джитсу, грепплинг және панкратион (ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ресми күнтізбесіне енгізілген) бойынша ҚР чемпионаттарын өткізіп жүрміз. Сол жылдарда спорттың бұл түрлері өз алдына бөлек болып есептелмеді. Сол кезде біздің федерациямыз панкратион федерациясы болып аталды, бірақ, оған спорттың төрт түрі енді. 2013 жылы біз Атырауда ММА, бразилиялық джиу-джитсу, грепплинг және панкратион бойынша еліміз чемпионаттарын өткіздік. Бұрын мұндай жарыстарды біз Қарағанды және Ақтөбеде өткіздік. Көптеген спортшылар осы жекпе-жектерде шыңдалып жетілді. Оның ішінде қазіргі ММА жұлдыздары Сергей Морозов, Дәурен Ермеков, Жұмагелді Жалғасұлы, Рашид Дагаев, Жұман Жұмабеков және басқалары бар. Олардың барлығы осы мектептен өтті. Әрине, біз А.Кимнің Қазақстанда ММА дамытудағы еңбегін жоққа шығарып, беделін түсірмек ойымыз жоқ. Алайда, мен онсыз да барлық жайт өз орнына келеді деген ойдамын. Егер бұл спортты қарағандылық жігіттер дамытқан күнде де олар тіркеуден өтіп, жемісті еңбек еткен болар еді. Мен 1998 жылы алғашқы рет өз оқушым Бауыржан Берғалиді аралас жекпе-жек бойынша өткен турнирлерге апарып жүрдім, қазір оның өзі де жаттықтырушы. Ал кейін оған Артур Дидаров қосылды. Ол 2009 жылы Бакуде панкратионнан өткен әлем кубогінің жеңімпазы. Нұрлан Нұржанов, Саят Ахметов, Ардақ Тәжіғалиев - міне, мен осы жігіттермен алғаш спортты бастадым. Ал әлемнің үш дүркін чемпионы, панкратионнан еңбегі сіңген спорт шеберлері Жалғасұлы Жұмагелді мен Таженов Асыланбекті бүкіл Қазақстан біледі. Олар елімізге және Атырауға абырой, атақ алып берген спортшылар.

Фейсбуктегі жазбаларға қарап, бүгінгі күні Кимге негізінен оның достары мен блогерлердің қолдау танытып отырғанын көріп отырмын. Ал біздің федерацияны, мені, Айбек Шоқпұтовты қазіргі жұмыс жасап жатқан жаттықтырушылар мен спортшылар қолдап отыр. Сол үшін мен оларға ризамын. Әсіресе, барлық жағдайды шешіп, әділдік орнатқан Айдар Махметовке ерекше алғыс білдіргім келеді.

ДАУЫСЫН КӨТЕРЕ СӨЙЛЕДІ

- WMMAA қазіргі жағдай қалай?

- Биылғы жылы өтетін әлем чемпионаты басталғанға дейін біз осы ұйымға уақытша мүшелікті рәсімдеп алдық. Енді тұрақты мүшелік үшін құжаттар тапсырып, қазір WMMAA шешімін күтіп отырмыз. Бұл ұйымдағы ҚР ММА федерациясының мүшелігі тоқтатылған болатын.

- Ал Макаода WMMAA кеңесінде ҚР ММА Федерациясы мүшелігінің неліктен тоқтатылғандығы туралы айтылған жоқ?

- Онда көптеген өзгешеліктер бар. Соның ішінде айтар болсақ, мүшелік жарнаны төлемеу. Біз оның бәрін біле бермейміз...

Макаода болған баспасөз конференциясында А.Ким өте дөрекілік танытты деп айта аламын. Орнынан атып тұрып, дауысын көтере сөйлеп, ұят қылық көрсетті. Мұндай жағдай Федерацияда бірінші рет орын алып отырған жоқ. Көпшілігі оны осындай қылығы үшін жақтырмайды.

- WMMAA кеңесінде Ким баспасөздегі мәлімдемелеріне қарағанда ҚР құрамасын әлем чемпионатына қатысу құқығына шектеу қойғандығы туралы мәлімдеген. Бірақ, команда қатысып, жеңіп алған медальдарының саны бойынша екінші орынды иеленген...

- Біз құрамаға шектеу қоя алмаймыз. Жігіттер ҚР чемпионатында жеңіске жеткен, әлем чемпионатына дайындалды. Команданы А.Ким аға жаттықтырушы Баян Жанғаловпен бірге алып барды. Баянды мен бұрыннан білемін, оған тағар еш кінәм жоқ. Тек кетер алдындағы бір апталық дайындық сәтсіз болды. Астанадағы жиындар 30-40 градус аязды температурада өтсе, ал кейін Макаодағы 20-25-градус ыстыққа түсті. Бұдан басқа, кейбір спортшыларға салмақ азайту ауыр соқты. Команда екі «күміс», төрт «қола» медаль жеңіп алды. Бұдан да жақсы көрсеткіштерге жету мүмкіндігі болды. Ким жеке қарсылығының белгісі ретінде біздің жігіттерді финалға шығарғысы келмеді, алайда, мен спортшылар келген қалалардағы жаттықтырушылардың барлығына қоңырау шалып, олардың бірде біреуінің чемпионаттан шығып қалмауы керектігін ескерттім. Жаттықтырушылар жігіттердің жекпе-жекке шығатындығына сендірді, ал мен тұтқаны қазақстандық спортшыларға қысым көрсетіліп жатқандығына көз жеткізуі үшін WMMAA президенті Вадим Филькенштейнге ұсындым.

А.Ким өзін әлеуметтік желілерде мақтағанды сүйеді. Айталық, біз панкратион, грепплингтен жігіттерді әлем чемпионаттарына алып барамыз. Жүлделерге ие боламыз, ал ол болса фейсбукте біздің жетістіктерімізді өзінің ММА федерациясына қосып жазып қояды. Бұл әрине, жақсы емес. Федерация бұл қағаз жүзіндегі нәрсе. Ең бастысы мықты спортшылар мен өз ісін білетін бапкерлер. Мейлі он федерация аша бер, бірақ, спортшылар мен бапкерлердің еңбегін бағаламайтын болсаң, ешқандай нәтиже болмайды. Макаода өткен конференцияда Кимге мен дәл осыны айтқан болатынмын. Федерация президенті өзін-өзі мақтағанша, команда үшін қаржы тауып, спортшылар мен жаттықтырушылардың жағдайын жасауы тиіс.

- Ол не деп жауап берді?

- Бәрін жоққа шығарып, мені жалған айтты деп кінәлады.

«ПРЕЗИДЕНТТІК ҮШІН ТАЛАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ»

- Енді не болады деп күтіп отырсыздар?

- Біз жұмысымызды бастау үшін тек бір ғана нәрсені - бізді WMMAA құрамына қашан қабылдайды деп күтіп отырмыз. Біз әрине, Қазақстанда ММА дамытудың игілігі үшін Кимді де командалардың бірінде жұмыс жасау үшін шақыратын боламыз.

- Қандай құқықтық негізде?

- Барлық жетекші мамандар мен жаттықтырушыларды жинап, жағдайды талқылайтын боламыз. Қазіргі фейсбукте болып жатқан жайт болмайды, ашық әңгіме болады. Оның өзінің кәсіби «Битва номадов» жобасы бар, ол өз жарыстарын өткізуді жалғастыра алады.

- Мен сізді дұрыс түсініп отырмын ба, сіз Федерацияны Кимнің басқарғанын қаламайсыз ғой?

- Өзім туралы ғана айта аламын. Мен өз федерациямда жай жаттықтырушы болып та жұмыс істеуге келісемін. Менің орныма құрметті ақсақалдардың бірі президент болсын. Мен Қазақстанның ММА игілігі үшін кез келген жұмысқа келісемін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.