Жылыой ауданының әкімшілік орталығында «Құлсары футбол Федерациясы» құрылды. Оның бастамашылары – жергілікті футболсүйерлер. Президент болып Жылыой ауданының әкімі сайланды, ал вице-президенті - кәсіпкер Талғат АҒИСОВ.
Т.Ағисовтың айтуынша, федерацияның мақсаты – балалар және жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер футболын дамыту, турнирлерді көбірек өткізу, бапкерлер мен төрешілердің дәрежесін көтеру, орталық қалалық стадион мен мини-футбол алаңдарының күтімін бақылау.
Жаңа ұйым Жылыой ауданы әкімінің Кубогі үшін бірінші турнирді өткізіп үлгерді. Турнирдің ашылуына шақырылған Атырау облыстық футбол федерациясының президенті Эдуард ХИСМЕТУЛЛИН Т. Ағисовке жаңа былғары доп сыйлады.
Турнирге Атыраудан келген «Мереке» және «Құлагер» командалары, жергілікті компаниялардың «Умирзак» и «Казкомсервис» командалары, «әкімдіктің құрама командасы», сондай-ақ, жергілікті жастардан құралған бірқатар ұжым қатысты. Қызу да тартысты ойынның қорытындысымен әкім кубогі «Мереке» командасына бұйырса, екінші орынға «Умирзак» командасы шықты, ал үшінші орынды жастардың «Медина» командасы жеңіп алды. Т. Ағисов оларға жүлделі орындарына сәйкес, 100 000, 70 000 және 50 000 теңгенің сертификаттарын табыс етті.
Турнирдің үздік қақпашысы болып Қанағат Дауылбаев («Медина») танылды, үздік қорғаушы - Нұрболат Батырханов («Умирзак»), үздік шабуылшы - Нұрсұлтан Мадиев («Мереке») атанды, олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айнұр САПАРОВА