Атырау, 22 желтоқсан 19:00
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 033 просмотра

КАРАТЕ

«Атырау» ДСК киокушинкай-кан каратеден Қазақстан кубогі өтті.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев, ҚР дене тәрбиесі және спорт ісі жөніндегі комитет төрағасы Елсияр Қанағатов турнир қонақтары болды. Түрлі жас ерекшелігі және салмақ дәрежесіндегі облыс құрамасындағы спортшылар Кирсан Құлмағамбетов, Андрей Котов және Аманат Еділбаев «алтын» медальды жеңіп алды; Ратмир Тоғашев, Өтепберген Аян, Ахмеджан Мақсотов, Карина Досымова және Нұржан Тастанов «күміс»; Аружан Әбдірахманова, Адам Борисов, Амангелді Нұрдаулет, Глеб Повстянко, Айвар Бердиев және Динара Жұмаш қола жүлдегер атанды.

СТРИТБОЛ

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер клубының бастамасымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған стритболдан (баскетбол 3-те 3) ашық қалалық турнир өтті.

Алаңда Атырау қаласы, Исатай ауданы, Махамбет ауданынан келген 12 команда кездесті. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай атындағы Аққыстау орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. Екінші орынды қаладағы №34 мектеп командасы иеленсе, үшінші орынға қалалық №9 мектеп командасы иеленді. Турнирдің ең үздік ойыншылары деп Нұрсұлтан Нұржанов пен Біржан Камалов (екеуі де №34 мектептен), Гүлжанар Мұстажанқызы (Аққыстау) танылды.

17 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.