Атырау, 22 желтоқсан 18:59
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» Кубок додасынан шығып қалды

2 469 просмотра

«Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Қайрат» (Алматы) командалары арасында футболдан ел Кубогінің жартылай финалының жауапты матчы өтті. Естеріңізге салсақ, бірінші матч 1:0 есеппен алматылықтардың жеңісімен аяқталған еді.

Чемпионаттағы өз командаларының сәтсіз ойындарынан кейін «Атыраудың» финалға шығуы жергілікті жанкүйерлердің еңселерін көтеріп тастағандай болар еді. Бірақ, өкінішке қарай тартысты ойын бола қойған жоқ. Ойынның 3-ші минутында-ақ, қонақтар алға суырылып шықты. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Ғафуржан СҮЙІМБАЕВ қақпаға доп салды. Енді қожайындарға үш гол соғуға тура келетін болды, алайда, олар екінші таймның ортасында екінші голды қақпаға өткізіп алды. Бұл жолы допты Андрей АРШАВИН соқты. Ал, матчтың соңғы нүктесін Херсон АСЕВЕДО қойды. Ол айыппұл алаңынан жерлестеріміздің қақпасына үшінші голды салды, есеп 0:3 болды, сөйтіп, «Атырау» командасы Кубок ойынынан шығып қалды.

Ал, «Қайрат» финалда павлодарлық «Ертісті» екі рет жеңген «Астана» командасымен кездеседі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қараша 2016, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.