Атырау, 4 мамыр 18:03
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​3:0. Бірақ, біз тек сегізінші орындамыз

2 153 просмотра

29 қазанда «Мұнайшы» стадионында футболдан еліміз чемпионатының ақырғы турында «Атырау» командасы «Тобыл» командасын қабылдады.

Қақпаға доп ойынның 3-ші минутында-ақ салынды. Қонақтардың қорғаушысы өзінің айыппұл алаңында Вячеслав ШАРПАРДЫ құлатқаннан соң төреші пенальти тағайындады, ал, жәбірленген ойыншымыз мұны сәтті пайдаланды. Бірінші таймда алаң иелерінің бірқатар сәтті қадамдары болса да, басқа гол болмады. Екінші тайм да тартысты басталды, ойынның 46-шы минутында Александр КУРТЕАННЫҢ қатты соққан добы қақпа маңдайшасынан кері серпіліп, «Тобылдың» қорғаушысы Фернандер КАССАЙҒА тиіп, одан өз қақпасына кірді. Автогол, міне, есеп 2:0 болып алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ойынның 50-ші минутында «Тобылдың» шабуылшысы Шамил АСЫЛДАРОВПЕН соқтығысып, жарақат алған қақпашымыз Жасур НАРЗИКУЛОВ алаңнан кетті, оның орнына алғаш рет Рамиль НҰРМҰХАМЕТОВ шықты. 67-ші минутта алаң иелері кезекті комбинациялы стильдегі тартысты шабуылды бастады. Куртеан Владимир АРЖАНОВПЕН доп алмасып, Стефан ЭССАМЕГЕ дәл пас берді, капитан мүлт кетпеді. Сөйтіп, матч 3:0 есебімен аяқталды. «Атырау» командасы чемпионатты 8-ші орында аяқтады.

Марат ТАКУЛИН

31 қазан 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.