Атырау, 22 желтоқсан 19:25
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Премьер-лигада қалатын болдық

Сурет
2 158 просмотра


16 қазанда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Шахтер» (Қарағанды) командалары арасында футболдан ел чемпионатының 30-шы турының матчы өтті.

Жергілікті жанкүйерлерге өткен бұлтты жексенбіде аса негізгі емес матчты көру бұйырды, өйткені, алаң иелеріне келесі маусымның Премьер-лигасына жолдама алуға чемпионатты аяқтаушы 31 және 32-ші турлардың нәтижелері маңызды емес еді. Шахтерліктерде де жағдай осылай. Содан да болар ойын шапшаң басталды, қауіпті сәттер екі жақтың қақпасында да орын алды, алайда, одан қақпашылар мен қорғаушы ойыншылардың сауатты әрекеттері құтқарып қалды. Ойынның 17-ші минутында алаң иелеріне пайдалы сәт туды: допты еншілеген Александр КУРТЕАННЫҢ төбеден асыра лақтырған айып добын қағып үлгерген Владимир АРЖАНОВ есепті – 1:0 етті. Бұдан сәл кейінірек осындай айланы Стэфан ЭССАМЕ мен Пшемыслав ТРЫТКО қайталамақшы болды, алайда, польшалық шабуылшы доптан айрылып қалды. Ойынның соңына қарай Куртеан айыппұл алаңына жақын жерден доп соқты, бұл қауіпті соққыдан меймандар қақпашысы қорғана алды.

Екінші тайм аса тартысты бола қойған жоқ. біздің ойыншылар қарсы шабуылды ұйымдастырған ойынның 78-ші минутында шұғыл бетбұрыс орын алды. Алдымен Валентин ЧУРЕЕВ Алтынбек САПАРОВҚА допты берді, ал, ол өз кезегінде Трытконы қонақтардың қақпашысымен кездесуге алып шықты. Оның соққысы тимей қалды, бірақ, допқа үлгерген Павел ШАБАЛИН допты қақпаға салды. Нәтижесінде есеп 2:0 болды. Есеп финал ысқырығына дейін өзгеріссіз қалды.

«Атырау» командасын чемпионатта әлі тағы да екі матч күтіп тұр – 22 қазанда қонақта Оралдың «Ақжайығымен» және 29 қазанда өз алаңында екінші алтылықтың көшін бастап тұрған «Тобыл» командасымен кездеседі. Біздің команда үшін енді олардың үлкен турнирлік маңызы жоқ.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

17 қазан 2016, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.