Атырау, 22 желтоқсан 19:12
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Нұрланға Астанада құрмет көрсетілмек

1 856 просмотра

Қазан айының аяғында Астанада таеквондодан өтетін Қазақстан чемпионатында Варшавада паратаеквондо бойынша өткен Еуропа чемпионатында екі алтын және бір күміс медалді иеленген спортшыларға құрмет көрсетілетін болады. Бұл салтанатқа еліміздің құрамасының қоржынына алтын медальдің бірін салған атыраулық спортшы Нұрлан ДОМБАЕВ (суретте) та шақырылды. Бұл туралы жеңімпаздың жеке бапкері Асан ҚАСАЕВ мәлімдеді.

Қасаев өз тәрбиеленушісінің бірде-бір жекпе-жек өткізбестен Еуропа чемпионы болды деген ақпаратты теріске шығарды.

- 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Хорватия құрамасының өкілімен жекпе-жек өткізді, онда ол жеңіске жетті, ал басқа бір қатысушының шықпауы салдарынан финалға шыққан біздің спортшымыз нәтижесінде «алтынды» иеленді, - дейді Қасаев.

Айтпақшы, Нұрлан бұл жекпе-жектен соң Қазақстан құрамасы бапкерлерінің өтініші бойынша 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде де өнер көрсетті, онда да оның қарсыласы Хорватия спортшысы болды. Біздің жерлесіміз оны 9:4 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты. Ал финалда оның қарсыласы көңіл күйінің нашарлығына шағымданып, кездесуден бас тартты. Егер әділдік тұрғысынан қарағанда біздің Нұрлан 75 келіге дейінгі және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде екі алтын медаль алуы тиіс еді. Бірақ, бір «алтынға» ие болды.

- Кез келген жағдайда да Нұрлан өз «алтынымен» бағдарламасына паратаеквондо енгізілген Токиода өтетін Параолимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті алғашқы рейтингілік ұпайларын жинап алған болатын, - дейді Қасаев. – Мен өз шәкіртімнің жетістігіне сенемін. Ол мүгедектігіне қарамастан №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде кикбоксингпен айналысты, кейін паратаеквондо туралы естігеннен соң бізге ауысты. Кикбоксингтегі аяқ техникасын таеквондо үшін қайта үйрену оңай болған жоқ, өйткені, спорттың бұл түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Бірақ, одан қаймығатын Нұрлан жоқ, оның талабы зор. Қазір ол техниканы меңгеруде, дегенмен, жарыстық тәжірибе қажет. Біз Ресейде болатын турнирлерге қатысатын боламыз, оларда паратаеквондо жақсы дамыған, федерациялары да бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.