Атырау, 22 қаңтар 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

​Свобода көмекке келді

1 792 рет қаралды

«Бейбарыс» ХК сайтында клубтың чех қақпашысы Адам СВОБОДАМЕН келісімшарт жасасқаны хабарланды.

Өткен маусымда 38 жастағы қақпашы «Градец-Кралове» және «Литомерице» клубтары үшін ойнаған болатын. Қақпашының қызмет тізімінде чехтың «Спарта», «Пардубице», «Славия», ресейлік «Лада» (Тольятти) және «Авангард» (Омбы) клубтары бар.

Свобода – Чехияның бірнеше дүркін чемпионы. 2005 жылы Чехия құрамасында әлем чемпионы, ал бір жылдан кейін күміс жүлдегер атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қазан 2016, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.