Атырау, 22 желтоқсан 19:05
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 069 просмотра

Таеквандо

Таеквондодан облыстың әйелдер құрамасы 30 елден келген, мыңнан аса спортшылардың басын қосқан «Россия Опен» халықаралық турниріне қатысып қайтты.

Атырау облысының атынан Айгүл Елубай, Жансель Дениз, юниорлар Айдана Еділбаева және Майра Сүйенбекова шықты. Жалғыз ғана – қоланы Ресей мен Әзірбайжаннан келген қарсыластарын тізе бүктірген Айдана жеңіп алды. Алайда, ол келесі жекпе-жегінде басқа бір ресейлік спортшыдан ұтылып қалды. Майра Ресей құрамасының бірінші нөмірлі сортшысынан жеңіліп қалды. Айгүл болса өзінің бірінші жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті, алайда, қола үшін жекпе-жекте ұтылды. Жансель бірінші айналымдағы жекпе-жекте жеңіліп қалды.

***

Кикбоксинг

Таразда кикбоксингтен өткен республикалық турнирде облыстың жасөспірімдер құрамасы тамаша өнер көрсетті: біздің спортшылардың қоржынында үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль болды.

Расул Аманқосов (33 келіге дейінгі салмақта), Роман Зубарев (36 келіге дейін) және Ермек Мүрсәлімов (48 келіге дейінгі) жеңімпаз атанды. «Күмісті» Бекзат Саматов ( 30 келіге дейінгі) және Бағдәулет Қайырлиев (42 келіге дейінгі) жеңіп алса, «қолаға» - Сергей Сладков (30 келіге дейінгі), Нұрбол Ұзақбаев, Айдын Кенжебай (екеуі де 33 келіге дейінгі салмақта) және Бекжан Ролландов (54 келіден жоғары) ие болды.

***

Муай-тай

Муай-тайдан ұлттық құрамамен 5-ші Азия жағажай ойындарында үш атыраулық спортшы бақ сынады.

Ойындар Вьетнамның Дананг қаласында өтті. Еліміздің намысын муай-тайдан бар-жоғы 8 спортшы қорғады. Олар 3 күміс және 2 қола медальды жеңіп алды. Бұл жетістіктерге жетуде атыраулықтар үлкен үлес қосты: «күмісті» 51 келі салмақ бойынша - Еламан Саясатов (51 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және Ишан Галиев (57 келіге дейінгі салмақта) еншіледі. Тағы бір атыраулық спортшы Әбіл Ғалиев құрама бапкерлерінің пікірінше төрешілдіктің қателігінен жүлдесіз қалды.

***

Рестлинг

Ақтау қаласының «Жасқанат» спорт кешенінде Маңғыстау облысының мас-рестлинг және стронгмен федерациясы және Батыс Қазақстанның бодибилдинг, фитнес және спорттың күш қолданатын түрлері федерациясы Маңғыстау облысында мас-рестлинг бойынша 1-ші ашық чемпионат өткізді.

Мас-рестлинг ережесі өте қарапайым: жеңіске жету үшін спортшыға қарсыласының қолынан ағашты жұлып алып кету. Жарысқа Ақтау, Атырау, Жаңа Өзен және Астраханнан шамамен 100-дей спортшы қатысты. Оларға атыраулық бапкер Сергей Передистый төрешілік етті. Атырау атынан танымал армрестлинг спортшылар ағайынды Мұрат және Талғат Әбутәлиевтер (абсолюттік салмақтық санат) шықты. Мұрат сол жақ қолымен 2-ші орынды, оң жақ қолымен 5-ші орынды және қос сайыс ұпайы бойынша үшінші орынды иеленді. Талғат сол жақ қолымен төрт, оң жақ қолымен үш қарсыласын жеңді, нәтижесінде бесінші орынды місе тұтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.