Атырау, 22 желтоқсан 19:38
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Жетісу-Атырау»: бәрі жақсы басталған еді

3 137 просмотра

Футболдан ел чемпионатының 29-турының матчында «Атырау» командасы сырт алаңда талдықорғандық «Жетісумен» кездесті.

Матч сылбыр басталды. Құдды екі команданың футболшылары ойын қарсаңында еурокубокты ойнағандай. Доп бір командадан екінші командаға өтумен болды, алайда жанкүйерлер алаң ортасындағы бос қарбалас пен үздіксіз ауттардан басқа ештеңе бақылай алмады. Дегенмен 10 минуттан кейін жағдай өзгеріп сала берді. Мұнайшылар қапталдан шабуыл жасап қарсыласын қыспаққа ала бастады. Кезекті шабуылдан кейін олар бұрыштан соққы жасады. Владимир АРЖАНОВ доп беріп, алаң иелері допты айып алаңынан шығарып үлгерді. Сөйтіп, қауіптен құтылғандай болған еді, алайда «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Максим ФЕДИН жалт берген допты шеберлікпен тоқтатып, отыз метрлік жерден қақпаға соқты. Есеп 1:0 болды. 24-минутта ақ-жасылдар басымдылықтарын үстей түсті: Алексей МАРОВ алаң ортасынан Пшемыслав ТРЫТКОҒА допты керемет жолдады. Ол өз кезегінде допты тиімді қолдана біліп, есепті 2:0-ге жеткізді. 27-минутта талдықорғандықтар бір доп салды (Артём КАСЬЯНОВ), алайда үш минут өткен соң Владимир АРЖАНОВ қайтадан есепті «Атырау» үшін басымдықпен 3:1 қылды.

Шамасы үзілісте «Атыраудың» бас бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ футболшыларға екінші таймда өз қақпаларына тығылуға болмайтынын, үздік қорғаныс – шабуыл екенін, олай болмаған жағдайда екі доптың зая кететінін айтқан шығар. Алайда кездесудің екінші жартысында қожайындар «Атырау» қақпасын қыспаққа алды. Алдымен Деян ДЖЕРМАНОВИЧ 55-ші және 59-ші минуттарда дубль жасап, содан кейін 85-минутта Тоқтар ЖАНҒЫЛЫШБАЙ меймандардың тең нәтижеге үмітін жоқ қылды. Матч қорытындысы: 4:3 - «Жетісу» пайдасына.

Матчтан кейінгі конференцияда Младенов сәтті басталып келе жатқан матчтағы жеңіліс табу себептері туралы сұрақтарға «концентрациямызды жоғалттық» деп жауап берді.

Марат ТАКУЛИН
3 қазан 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.