Атырау, 5 желтоқсан 10:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Евгений Ухов - әлем рекордшысы

2 412 рет қаралды

Кір тасын көтеруден ардагерлер арасында әлем чемпионы, Атырау қаласының №21 мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Евгений Михайлович УХОВ (суретте) кір тасын көтеру марафонында жеке рекордын (16 келілік кір тасын бір қолмен кезек-кезек оң және сол қолдарымен еденге түсірместен жұлқи көтеріп) жаңсартты.

Оның бұл жетістігіне «Мұнайшы» орталық жүзу бассейнінің тренажер залында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Игор МИРГАМБАЕВ және №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арман ӨБИЕВ куә болды.

- Евгений Михайловичтің осы жылдың сәуір айында қол жеткізген бұрынғы жеке рекорды екі сағат ішінде 2060 көтеруді құрады. Енді ол көтеру санын 2146-ға жеткізді, ал бұл әлемдік рекорд! – дейді И. Миргамбаев. – Біз әлемдік рекордты тіркету үшін хаттаманы кір тасын көтеру спорты шеберлерінің халықаралық конфедерациясының президенті Анатолий Николаевич Ежовқа жолдайтын боламыз.

Даңқты атлеттің өзі «АЖ»-ға бұл рекордын ұстаздар күніне арнайтынын мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.