Атырау, 22 желтоқсан 19:17
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Турнирден ешкім де шығып қалғысы келмейді

Сурет
2 155 просмотра


25 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Тараз» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 28-ші турының матчы өтті.

Екі командаға да жеңіске жету басты мақсат болды, өйткені оларға келесі маусымда Премьер-лигада қалу керек. Бірінші таймда қарсыластар шабуалдармен кезек-кезек алмасып отырды (алаң қожайындарынан Павел ШАБАЛИННІҢ мүмкіндіктері көп болды), алайда, қақпашылар мықты ойнады. «Атыраудың» ойыны жартылай қорғаушы Максим ФЕДИННІҢ алаңға шығуымен айтарлықтай жанданды. Ойынның 74-ші минутында ол бастаманы өз қолына алып, сол жақ қапталдан өтіп, «Тараздың» екі қорғаушысынан сытылып шығып, допты соқты, қақпашы допқа тойтарыс бергенімен оның кері соққан добын румындық легионер Александр КУРТЕАН қағып үлгеріп, қақпаға соқты, сөйтіп, есеп -1:0 болды.

Тараздықтардың әрбір ұсақ-түйек үшін төрешілерге жиі шағымданғандары көзге көрініп тұрды. Олардың бас бапкері Юрий МАКСИМОВ та күйіп-пісті, тіпті, онысын сыртқа білдіртіп тастады да, ақыры төрешілердің шешімімен матчтың соңғы минуттарында запастағылар орындығынан шығарылды. Ал, матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Матчтан кейінгі болған баспасөз конференциясында «Атырау» командасының бас бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ бұл жеңістің команда үшін турнирлік және психологиялық жағынан да үлкен орын алатындығын айтты.

- Енді қалған 4 ойында бізге турнирден шығып қалмау үшін 6 ұпай жинау керек, - деді ол. «АЖ» өтініші бойынша «Атырау» ФК баспасөз қызметі қалған матчтардың кестесін ұсынды: 2 қазанда – «Жетісу» командасымен аталмыш команда алаңында кездеседі, одан кейін ұлттық құраманың ойындарына байланысты екі апталық үзіліс, 16 қазанда – «Шахтермен» өз алаңында, 22 қазанда – «Ақжайық» командасымен Оралда, 29 қазанда – «Тобылмен» өз алаңында ойнайды.

Бұдан басқа, біздің футболшылар Атырауда 5 қарашада «Қайрат» командасымен жауапты жартылай ақтық матч өткізуі тиіс. Бірінші матчта естеріңізге салайын, олар 0:1 есебімен жеңілген болатын. Бәлкім, енді тағы да Аршавинді ойын алаңынан өз көзімізбен көретін болармыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

27 қыркүйек 2016, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.