21 қыркүйекте Алматы орталық стадионында «Қайрат» және «Атырау» командалары арасында футболдан еліміз кубогінің алғашқы жартылай финалдық матчы өтті.
«Атырау» футболшылары қорғаныс шебінде ойнап, уақыт бойы өз қақпаларын қорғай білді. Алайда, 72-ші минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Исламбек ҚУАТ Андрей АРШАВИННЕН керемет пас алып, қарсыластарының қақпасына дарытты. Бұл соққыға «Атырау» қақпашысы Жасур НАРЗМКУЛОВ қарсы тұра алмады. Әрі қарай осы 1:0 есеп еш өзгермеді.
Осы екі команданың қайсысы финалда ойнамақ? Бұл Атырауда 5 қарашада өтетін жауапты матчта шешілетін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ