Атырау, 22 желтоқсан 19:45
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 581 просмотра

Баскетбол

Қапшағайда 1999 ж.т. жасөспірімдер арасында баскетболдан ҚР чемпионатының ақтық туры өтті.

Екі турдың қорытындысы бойынша бірінші орынды иемденген «Атырау барыстары» командасы ақтық кездесуде екінші орын иеленіп келген «Тобыл» командасымен ойнады. Чемпион атану үшін командаға екі матчта да жеңіске жету керек болды. Біздің жеткіншектеріміз болса, бұл тапсырманы орындай алды. Бірінші матчта қостанайлықтар қарсыласа білді, кездесу 83:76 есеппен «барыстықтардың» пайдасына шешілді. Екінші матчта қарсыластардың қарқыны бәсеңдеп, жеңісті біздің командаға беріп қойды. Есеп - 106:64.

Еліміздің жаңа чемпиондар құрамындағы ең үздік ойыншы болып Ильяс Нағимов танылды. Дегенмен, команданың басқа да мүшелері өздерін тек жақсы жақтарынан көрсете білді. Олар Марат Әділхан, Олег Балашов, Иван Добриков, Мерей Уапов, Ерғанат Қайрошев, Богдан Лаш, Никита Наливайко. Команданы жаттықтырушы Саламат Торғаев дайындады.

***

Жас дзюдошылар легі өсіп келеді

Үндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Жарыста «қола» жүлдеге 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған атыраулық дзюдошы Қанат Сейілхан қол жеткізді. Спортшымен бірге оның тәлімгері Қуаныш Сүлейменов те жеңістерін атап өтуде. Атыраулық жас дзюдошылар Магнитогорскіде өткен Бүкілресейлік турнирде жақсы нәтиже көрсетті.

2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мақсат Әбдірахман жарыс жеңімпазы атанды. Осы жас санаты бойынша 50 келіге дейінгі салмақта белдескен Бекарыс Асқар қола жүлдегер болды. 1997-98 ж.т. жастар арасында 55 келіге дейінгі салмақта «қолаға» Айдынбай Қайырберді де қол жеткізді. Спортшыларды №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары К.Досқалиев пен Б.Жұмабаев дайындады.

***

Оңтүстік боксшылары басым түсті

Шымкентте Қазақстан бокс федерациясы кубогының 1/8 финалының аясында Оңтүстік Қазақстан және Атырау облысы құрама-ларының арасында матчтық кездесу болды.

Қарсыластардың кездесуі 8:2 есебімен оңтүстіктіктердің пайдасына (өткен жылы біздің құрама 6:4 есебімен жеңілген болатын) шешілді. 69 келіге дейінгі салмақта облыс құрамасының ең тәжірибелі мүшесі Азамат Досмағамбетов Бекзат Халметовтан басым түсті, ал 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан жас әрі өзінен үлкен үміт күттіріп жүрген атыраулық боксшы Амандық Манашев Есен Бекболатовты жеңіп кетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



22 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.