Қазақ күресі
Ата қаласында өтіп жатқан ІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында қазақ күресі бойыша болған жарыста Сұңғат Закарияев алтын медальды жеңіп алды.
Атыраулық спортшыға жеңіс 90 келіге дейінгі салмақта бұйырды. Ол барлық жекпе-жекте таза жеңіске жетті. Айта кету керек, қазақстандық палуандар қазақ күресі бойынша өткен бес жарыста төрт «алтын» ұтып алды. Көшпенділер ойынында 54 елдің құрамасы бақ сынауда.
***
Кикбоксинг
Ирландияның астанасы Дублинге әлем чемпионатына барған атыраулық үш кикбоксшы елге медальмен оралды.
ҚР жастар құрамасында 51 келіге дейінгі салмақта «фулл-контакт» санаты бойынша Жанәлі Сәлімгереев шеберлік көрсетті. Ол чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Ал, 57 келіге дейінгі салмақта кадеттер арасында бақ сынаған Жанәлінің ағасы Сәлімжан да осы «фулл-контакт» санаты бойынша қола жүлдегер болды. Тағы бір қоланы Аян Шамболов қанжығасына байлады. Ол 51 келіге дейінгі салмақта «лоу-кик» санаты бойынша өнер көрсетті. Жаттықтырушылар Д. Юсупов, Р. Қисметов және А. Мұратов өз тәрбиеленушілерінің жеңісіне қуанышты.