Әнуар Сариев (ортада). Сурет жеке мұрағатынан алынды
Атыраулық дзюдошы Әнуар САРИЕВКЕ сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Ол Риода өткен Параолимпиадада жүлдеге қол жеткізе алмады.
Әнуар 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Бірінші шеңбер бос болды, сондықтан ол шайқасты екінші шеңберден бастады.
Бұл жерде ол жартылай финалға дейін жеткен және Әнуарға жұбаныш айқасында бағын сынауға мүмкіндік берген әзірбайжандық Рамил Ибрагимовтен жеңіліс тапты. Бұл раундта біздің батырымыз аргентинкалық Эдуардо Гаутоны жеңіп шықты. Бірақ содан кейін уругвайлық Генри Борджеске жол берді.
Осы салмақтағы алтын алқаны жартылай финалда Ибрагимовты жеңіп шығып, финалда жапондық Макато Хиросомиден (күміс жүлдегер атанды) үстем түскен өзбек Шерзат Намозов иеленді. Екі «қоланы» румын Алекс Болога мен монғол Ундаху Бологмаа алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ