Атырау, 25 желтоқсан 23:25
 ашықВ Атырау -7
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Кеншілер өз алаңында мұнайшыларды жеңіп шықты

2 611 рет қаралды

Қазақстан премьер-лигасының 26-туры аясында «Атырау» ФК «Шахтер» ФК-мен (Қарағанды) түзде ойнады.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ «Атыраудың» ойыны ойдағыдай болмады. Алдымен жартылай қорғаушы Валерий Коробкин тізесінен жарақат алды. «Шахтер» футболшылары орта шептегі кедергіні пайдалану мүмкіндігін жібермей, 14-минутта қапталдан қарқынды шабуыл жасады. Деслей Уббинк допты әуелете беріп, Штэфан Зошак гол соқты – есеп 1-0 болды.

«Ақ-жасылдардың» сирек шабуылына қарағандылықтар қарқынды қарсы шабуылмен жауап берді. 25-минутта Уббинк қапталдан айыппұл добына оңай жетіп, еш қиындықсыз серігіне доп берді. Сергей Скорыхтың алыстан соққан добы есепті 2-0-ге жеткізді. Екінші тайм «атыраулаған» ұранмен басталды. Футболшылар позициялық шабуылдар жасады, алайда 59-шы минутқа дейін ғана осылай жалғасты.

Алаң иелері бұрыштан сәтті соққы жасап, Айдос Тәттібаев есепті 3-0 етті. Үшінші голдан кейін мұнайшылар күш жинай алмады. «Атырау» футболшыларының қақпаны алуға сылбыр әрекеттері орын алғанымен, кеншілердің қорғанысы олардың қиындықсыз тойтарып отырды. Нәтижесінде ірі жеңіліс тауып, кестеден 10-орынды иеленді. «Атырауды» шығып қалу аймағынан 2 ұпай бөліп тұр.

Марат ТАКУЛИН

13 қыркүйек 2016, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.