Атырау, 22 желтоқсан 19:36
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Саусағымен кір тасын көтерген

Сурет Бейнежазба
5 331 просмотра


Арман ҮБИЕВ – Атырау қаласының қарапайым ғана тұрғыны. Эверест шыңына шыққан жоқ, француздар қақпасына гол салған жоқ, ырду-дырду өмір кешкен жоқ, бірақ, қашанда спортқа құмар болды. 2003 жылы ол бір бақытсыздыққа душар болды. Мұздан тайып құлаған ол белінен жарақат алды. Дәрігерлер спортпен шұғылданбақ түгілі, ол туралы ойлауға да тыйым салды. Он жыл бойы ауыр сырқатпен күрескен ол бір күні ауыр атлетика секциясына келді.

Сол кезде жас жігітке сенгендер көп болмады, алайда, өзінің қажырлы еңбегі мен данагөй бапкерінің арқасында Арман мүмкіндіктің шегі жоқ екенін дәлелдеді. Ол өзінің бұлшық еттерінің күш-қуатын сақтай отырып темірді жәй көтеріп қана қойған жоқ, Арман қала чемпионы, кейін облыс чемпионы болды. Астрахан облысында өткен жарыста қоланы да иеленді. Осыдан бір жыл бұрын оның өмірінде өзгеріс болды, ол бапкерлік мансаппен айналыса бастады. Жеткіншектерді ауыр атлетиканың қыр-сырына үйрету, нағыз ғанибет деп ойын бөлісті енді таныла бастаған тәлімгер.

Шынында біз Арман Үбиев туралы не үшін жазбақшы болдық? Спортшының жақындары оның тренажер залында кеш қарайғанға дейін болып, бір саусағымен кір тасын көтеруге жаттығатынын біледі. Кір тасын көтеру спортында барлық рекордтарды жасаған біздің бұрынғы отандасымыз Пантелей Филикиди секілді деуге болады. 38 келі – қазақстандық рекорд, 55 келі – әлемдік (Гиннес рекордтар кітабына енді). Арман аспаннан жұлдызды алды деуге болмас, ол алдымен пұттық кір тасынан бастады, кейін 32 келіні бағындырды, ал, енді жақында ғана еліміздің рекордын жаңарпақшы болды. Бұл ауыр жарақаттардан кейін оңай болмайтын іс, дейді атлет. Өнеркәсіп 38 және 40 келілік снарядтарды шығармайды, сондықтан да ол әдеттегі «екі пұттыққа» қосымша жүк байлаған. Алғашқы екі әрекет ол үшін табысты болмады, ал үшіншісі нәтиже берді. Иығына ауырлықты артқан Арман екі соққы жасады, осылайша ол Қазақстан рекордын дәлелдеді. Атлеттің жоспарында грек мықтыларының жетістіктерін қайталап, тіпті олардан асып түсу бар. Бірақ, әзірге бұл тек арман ғана. Бұған дұрыстап бейімделу және үлкен еңбек қажет. Дегенмен, Арман айтқандай бәрін де күшпен жеңіп шықпақ.


Марат ТАКУЛИН

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

9 қыркүйек 2016, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.