Күрес
Францияның Макон қаласында грек-рим күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Мұнда атыраулық спортшы Қахарман Қисметов (суретте) күміс медалін жеңіп алды.
66 келі салмақ дәрежесінде күрескен спортшы Болгария құрамасының өкілін бастапқы айқаста жеңген болатын. Кейін Түркия мен Әзірбайжанның өкілдерін жеңді. Және финалда ғана Грузиядан келген спортшыға есе жіберіп алды. Естеріңізге салайық, маусымда Манилде өткен жарыста Қисметов жастар арасында Азия чемпионы атанған еді.
Бокс
Берлинде өткен бокстан халықаралық «Brandenburg Cup» турнирінде Мақат ауданынан барған Қазбек Сапенов қола медалін жеңіп алды.
Қазбек екі жекпе-жекте де германдық боксшыларды жеңіп, финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп алды.