Атырау, 27 қараша 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сайлауға 290 үміткер қатысады

3 437 просмотра

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әнуар ТӘШЕНОВТІҢ айтуынша, мәслихат депутаттығына дауысқа түсуге ниет білдіргендердің жалпы саны 323 адамды құрады. Олардың 33-і тіркеуден өтпей қалды немесе бұрынғы тіркеу туралы шешімдер кері қайтарылды.

-Тіркеуден өтпей қалғандар арасында саяси партиялардың, қоғамдық бірлес-тіктердің өкілдері, сондай-ақ, өзін-өзі ұсынушылар да бар. Тіркеуден өтпей қалуға түрлі себептер, негізінен салық инспекциясына кірісі туралы мәліметтердің дұрыс ұсынылмауы кедергі болып отыр,- дейді Ә.Тәшенов.

Өзін-өзі ұсынушылар арасында Жылыой аудандық мәслихаты депутаттығына дауысқа түсуге ниет білдірген Жаңа Қаратон тұрғыны Айтбай ШАМШИДЕН де болды. Оны «өзінің мүлкі туралы жалған мәліметтер бергені үшін» өткізбей тастаған. Алайда, ол бұл шешіммен келіспейді.

-Мен оларға әділет басқармасында тіркелген үй кітапшасын ұсындым. Егер бұл құжат жалған болса, онда оны маған неге береді?- деп түсінбестік танытады ол.

Жылыой аудандық соты А.Шамшиденнің облыстық сайлау комиссиясына жазған талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.  Бірақ, ол  одан әрі соттасуды көздеп отыр.

 

ҮШЕУІНЕН БАСҚАСЫ ҚАТЫСАДЫ 

Сонымен, сайлау бюллетендеріне облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттығына ұсынылатын 290 үміткерлердің аты-жөндері енгізілді. Олардың 126-сы «Нұр Отан» партиясынан, 23-і – «Ақ жол» ҚДП, 2-уі «Ауыл» ҚСДП, 4- ҚКХП, 1- «Әділет» ДП, сондай-ақ, өзін-өзі ұсынушылар саны -134.

-  Бізге тағы да бір қосымша жұмыс табылды, енді бізге сайлау бюллетендерін тарату барысында «Руханият» партиясын қолымызбен сызып тастауымызға тура келеді. Өйткені, Орталық сайлау комиссиясының тіркеуді кері қайтару жөніндегі қаулысымен бұл партия сайлау алды тізімнен шығарылды, -дейді Ә.Тәшенов. Қазақстан патриоттары партиясы мен «Азат» ЖСДП өз кандидаттарын ұсынбады.

-Біз бұл сайлауға қатыспаймыз, өйткені, ешқандай да әділдіктің болмайтындығын алдын-ала біліп отырмыз,- дейді «Азат» ЖСДП облыстық филиалының жетекшісі Жұмабай ДОСПАНОВ. – Өздеріңіз ойлап қараңыздар, көптеген кандидаттардың оппоненттері болып  өз адамдары, айталық, ауылдарда оның үй шаруашылығын атқарып отырған малшылары мен жүргізушілері қатысуда. Бәлкім, келесі сайлауларда баламалы үміткерлер ретінде олардың әйелдері мен балалары қатысатын болар.

Қазақстан патриоттар партиясы жергілікті филиалының жетекшісі Ағила МОЛДАҒАЛИЕВА түсіндіргендей, ҚПП-нан үміткерлер сайлауға қатыса алмайды екен. Жетекшінің айтып өткеніндей, оған олардың «шамадан тыс жұмыс бастылықтары» себеп болған.

 

ЖАУАПТАН ЖАЛТАРҒАН МҮШЕЛЕР

«Арлан» ҮЕҰ жетекшісі Макс БОҚАЕВ Атыраудағы сайлауға дайындық  барысына өзінің тәуелсіз тергеуін жүргізген. Ол 40- тан аса сайлау учаскелерін аралап шықты.

- Мен комиссия мүшелерінен кім қандай партиядан ұсынылып отыр деп сұрадым. Олардың көпшілігі жауап беруге қиналып қалды. Тіпті, кейбір учаскелерде басшыларының рұқсатынсыз ештеңе істей алмайтындықтарын сылтауратып, қандай да бір мәліметтерді беруден бас тартты. Алайда, заңда тайға таңба басқандай сайлаудың ашық түрде өтуі тиіс екендігі жазылып тұрған жоқ па?! -дейді М.Боқаев.

Оның пікірінше,  учаскелік сайлау комиссиялары құрамына мүшелері болып дәрігерлер мен мұғалімдердің енуі дұрыс емес. Өйткені, өз жұмыс орындарын жоғалтып алудан қорыққан олар жақ ашпайды. 

-Мені сайлау комиссияларының мүшелерін атқарушы биліктің тағайындайтындығы қиналтады. Менің ойымша, бұл билікке әділ жолмен келуге тырысатын оппозициялық партиялардың немесе ҮЕҰ-дың құзырында болуы тиіс,- деп есептейді М.Боқаев. 

 

КІМГЕ ДАУЫС БЕРЕСІЗ?

Бұл сауалды біз облыс орталығының бірқатартұрғындарынажолдаған едік. Атыраулықтарды алдағы сайлаудың аса қатты алаңдатып отырмағандығы белгілі болды.

Айнагүл ШЕРКЕШБАЕВА, Балықшы:

- Мен тіпті, кімдердің дауысқа түсіп жатқандығын білмеймін. Бізге сайлауға шақырту әкеліп тастаған. Оның қандай айырмашылығы бар дейсіз, барлығына да белгі соғамын. Қайда сайланғысы келсе, соған сайлана берсін.

 Аслан ОСПАНОВ, Привокзальный:

- Бізге де сайлауға шақыру қағазын әкеліп тастапты. Бірақ, онда менің аты-жөнім жазылмаған. Мен бармаймын.

Сәния ТОЙКЕН

12 қаңтар 2012, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.