Атырау, 28 наурыз 20:20
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Атырау» ФК директорының орны бос тұр

2 350 просмотра

Image 0«Атырау» ФК-ның бұрынғы директоры Асылбек ЖүнтербаевОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ «Атырау» футбол клубының директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ отставкасын қабылдағанын хабарлады. Алайда, бұрын «Ақжайық» ФК (Орал) директоры болып жұмыс істеген Бағдат АҒНИЯЗОВТЫ бұл орынға тағайындау туралы БАҚ-та жылт еткен хабарламаны теріс ақпарат деп атады.

А. Бекеттің айтуынша, Б.Ағниязов «Атырау» ФК-ға жұмысқа команда басшысы лауазымына алынған. Ал, «Атырау» ФК директорының креслосы 26 тамыздан бері бос тұр. Директор орынбасарының міндетін атқарушы Тимур НИГИМОВ («Атырау» ФК-да орынбасар болмай тұрып ол «Ақжайық» ФК-нің сол лауазымында жұмыс істеген). А. Бекеттің айтуынша, директорды тағайындау қашан болатынын ол білмейді, әртүрлі нұсқалар қарастырылуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.