26 тамызда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Жетісу» (Талдықорған) командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 25-ші туры болып өтті. Ойын қызықты болды.
Алаң иелері ойынды агрессивті бастады, қапталдар арқылы серпінді шабуылдап, 12-ші минутында гол соқты: румындық жартылай қорғаушы Александр КУРТЕАН сол жақтағы биік жиектен шапшаң жүгіріп келіп, Владимир АРЖАНОВҚА доп жолдады, ал ол өз кезегінде допты жанап өтіп, есепті 1:0 етті. «Атырау» командасы ойынын әлсіреткен жоқ, алаң иелерінің ысқырыққа дейін бірнеше тартысты сәттері болды, бірақ бәрі нәтижесіз еді.
Екінші таймнан бастап ойын көрінісі өзгерген жоқ: алаң иелері алда келе жатты, шабуылға қорғаушылар да қосылып отырды. 52-ші минутта «Жетісудің» голкипері Андрей ШАБАНОВПЕН кездесуге Руслан ЭСАТОВ шықты, Шабанов допты тартып алды, бірақ жүгіріп жеткен Пшемыслав ТРЫТКО есепті 2:0 етті.
Талдықорғандықтар болса, 11 минут өткен соң бір допты қақпаға салып (Деян ДЖЕРМАНОВИЧ), ойының көркін қыздыра түсті. Алайда, 73-ші минутта Аржанов Куртеанның допты керемет ұсынғанынан кейін есепті 3:1 етті. Ойын нәтижесі алдын ала анықталғандай еді. Бірақ, олай болмай шықты. Қалған минуттарда ойынды мүлдем өзгертіп, екі гол соққан меймандардың шеберлігін атап өту керек, оның үстіне бұл ойынның соңғы сәтінде, 88-ші минутында (Марко ДЖЕЛОВИЧ) және 90-шы минутында гол салынды (Арсен БЕГЛАРЯН). Одан бөлек, қосымша берілген уақытта меймандар алаң иелерінен жеңісті тартып алды, алайда доп қақпа маңдайшасына тиді.
Ойын тең есеппен аяқталды -3:3. Және «Атырау» бас бапкер Стойчо МЛАДЕНОВ өз ойыншыларына біраз сын айтты. Ол ойының аяқталуына 17 минут қалғанда екі допты қақпаға салу бұл артықшылық әрі жеңіс деп есептейді.
Марат ТАКУЛИН