Атырау, 22 желтоқсан 16:16
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тамаша ойнап, құр қол қайтты

2 723 просмотра

21 тамызда футболдан ел чемпионатының 24-ші турында «Атырау» командасы «Таразбен» сырт алаңда ойнады.

Қонақтар матчты өте белсенділікпен бастады, бірнеше рет шабуылдады, қақпаға доп салардай сәттер де болды, алайда, бірінші таймда гол салуға мүмкіндік болмады. Екінші таймда ойын барысы өзгерді, енді алаң иелері шабуылға жиі шыға бастады. Ақыры олардың жолы болды, ойынның 70-ші минутында «Атыраудың» айыппұл алаңына өткен кезде Малик МАНЕ қатты соққымен есепті 1:0 етті.

Қалған 20 минут «Атырау» командасының керемет ойынымен жалғасты. Қонақтар қақпаға допты салуға қанша тырысқанымен қолайлы сәттер туа қоймады, оның үстіне «Тараз» қақпашысы Александр ГРИГОРЕНКО өте шебер қорғап, ыңғай бермеді. Матч сол «Тараздың» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Футболда күтпеген жайттар болады: осыдан бір апта бұрын біздің футболшылар Қостанайда жұртты жалықтырып ойнап, бір ұпаймен оралса, енді келіп тамаша ойынмен, ауылға құр қол қайтты.

Марат ТАКУЛИН

22 тамыз 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.