Атырау, 28 сәуір 18:33
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт күні марапатталғандар

2 814 просмотра

Спорт күніне орай аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ғылым және білім беру министрлігінің құрметті грамотасымен Индер аудандық білім бөлімінің маманы Талғат Қарасаев, облыстық білім беру басқармасының қызметкері Алмагүл Қайырлиева, музыка колледжінің директоры Гүлнәр Сәдуақасова, кіші өнер академиясының директоры Долорес Тасқарина, құрылыс колледжінің директоры Нұрғали Темірташев, Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер клубының директоры Эльбрус Сағындықов, Ақсай орта мектебінің мұғалімі Берік Қабиев, Талдыкөл орта мектебінің мұғалімі Алтын Ғабитова марапатталса, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесін дамыту орталығының грамоталарына Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің қызметкері Ербол Хасанов, Мақат аудандық білім беру бөлімінің қызметкері Ерболат Құлтаев, Махамбет аудандық білім бөлімінің қызметкері Ержігіт Андашев, №31 балабақшаның тәрбиешісі Ақжамал Құбахаева, №48 балабақшаның тәрбиешісі Ажар Ақботина, №28 балабақшаның тәрбиешісі Айда Көпбосыновалар ие болды. Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығы – спорт ардагерлері Ақмырза Батырхайыровты, Бақытжан Рахбиевті, Сулико Козонов, Нұрлан Мамбетов, Алексей Юн, Бақтығали Орынбасаров, Ерболат Дәулетқазиев, Айбат Рахманды марапаттады, ал, облыстық мәслихаттың мақтау қағаздарын - №22 мектептің мұғалімі Миркарим Мұхамбетов, Атырау қаласы білім бөлімінің қызметкері Жазықбай Асанов, Махамбет аудандық білім бөлімінің қызметкері Ғалым Қамиев, №19 мектептің мұғалімі Анатолий Лысяк, №30 балабақша тәрбиешісі Ләззат Яхия иеленді.

Бірқатар спортшылар да мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтарға ие болды: карате бойынша - Злата Гончарова, Әбілмансур Батырғали, Бейбарыс Жаңбыр; самбошылар – апалы-сіңлілі Айзада және Гүлзада Алмаз, Жанаргүл Қизатова, Абылай Түгелбаев, Мади Мажит; еркін күрес - Абай Лұқпанұлы, Асқар Еспосынов; бокс - Бекет Абдулла, Дархан Ниғметуллин, Аян Қабидоллаев, Сұңқар Тельманов және басқалары.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.