Атырау, 1 желтоқсан 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Прокурор: Шерушілерді атуға бұйрық берген — Мүбәрак!

3 286 просмотра
Хосни Мүбәрактың ісін қарап жатқан сот Мүбәрак, оның билігі тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысы және жоғары шенді алты полиция офицерлері "өткен жылғы шерулер кезінде 800 ден астам демонстранттың қазасына тікелей себепкер" деген қорытындыға келді.

Египеттің бас прокуроры Мустафа Сулейман Хосни Мүбәрак пен оның жеті серіктесі  бейбіт демонстранттарға қарсы ашық оқ атып, адам өлтіру мақсатында әскери патрондарды қолдануға тікелей бұйрық берді деді. Айыпталушылар демонстранттарды өлтіруге кінәлі деп табылса, онда өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Мустафа Сулейман қауіпсіздік қызметінің басшылары Мүбәрак пен оның серіктерінің ісін тергеуге көмектеспей қойған соң, прокуратура тергеуді бір өзі жүргізуге мәжбүр болғанын айтты. Ол прокуратураның жүздеген куәгерлерден, дәрігерлер мен полиция офицерлерінен жауап алғанын жеткізді.

Өткен жылдың ақпан айында Египетте халық елді 30 жыл басқарған президент Хосни Мүбәрактың режиміне қарсы шығып, оны биліктен тайдырған болатын.

Суретте: Каирдегі сот отырысына зембілмен әкелінген бұрынғы президент Хосни Мүбәрак. 2 қаңтар 2012 жыл.

www.azattyq.org

6 қаңтар 2012, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.