Атырау, 25 сәуір 18:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ-та тұңғыш робот-журналист пайда болды

2 676 просмотра
АҚШ-та көше кезіп, өткен-кеткен адамдардан сұхбат алатын, далада болып жатқан оқиғаны видеоға түсіретін робот пайда болды. 

Журдом.ру сайтының Compulenta-ға сілтеме жасап хабарлағанындай, Массачусетс технологиялық институты (МІТ) Media Lab тобының мүшесі Александр Робен жасап шығарған Boxie есімді шағын құрылғы диснейлік Валлиге қатты ұқсайды. Құрастырушылары атап өткендей, Boxie-дің басты қасиеттерінің бірі, достық қарым-қатынас пен сенім ұялатудан бөлек, оның сыртқы келбетінің халық арасында үрей тудырмауы. Оның бойы аласа ғана, көзі үлкен, денесі картон материалдан жасалған. А.Робеннің айтуы бойынша, картонды адамдар өте зиянсыз материал деп қарастырады. Роботтың бұл кейпі бұған дейін адамның бас сүйегін еске салатын ақ пластиктен жасалған алғашқы түріне қарағанда әлдеқайда сүйкімді.

Көшеде Boxie ультрадыбыстар арқылы жөн тауып, кедергілерді сәтті айналып өтеді, ал өз әңгімелесушісін жылу датчигі арқылы таба алады (үлкен иттер оны алған бетінен жаңылыстыруы мүмкін). Робот өзімен әңгімелескісі келген адамды табысымен бала дауыспен оған сұрақтар қоя бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін ол оған қарама-қарсы тұрған адамды өзін көтеріп, айналада не болып жатқанын көрсетуді өтінеді. Сұрақтар аяқталғаннан кейін әңгімелескен адам роботты жаңа сұхбатқа дайындау үшін бүйірінде орналасқан батырмалардың бірін басуға міндетті.

Бір күннің ішінде ғажайып ойдың туындысы 6 сағат видео түсіре алатын көрінеді. Сонымен қатар электронды корреспондент Wi-Fi-дың жақын маңда орналасқан хостингіне қосылу арқылы, командасына өзінің жай-күйі жайында үнемі хабар беріп отырады. Алайда құрастырушылары оны GPS-датчикпен жабдықтап үлгермеген. Жұмыс соңында Boxie-ді өзің іздеуге тура келеді.

BNews.kz

6 қаңтар 2012, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.