Атырау, 23 қараша 19:18
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аяз үйдің күрелетіндігіне қарамайды

1 629 просмотра

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВ халыққа жылу беру бойынша ешқандай проблеманың жоқ екендігіне сендірді.

Атырау қаласы бойынша, мәселен, жылу берушілер өткен салқын күндерде жылу қазандарын 118 градусқа дейін жеткізе жаққандарын мәлімдеді.

- Онда осы мәселеге қатысты шағымдар неліктен айтылып жатыр, айталық Химпоселкедегі үйлердің бірінде жылу жоқ, ондағы адамдар ыссы суды магистральді желіден алып отырған көрінеді? – деп облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВТАН сұрады. Ол сол аталмыш үйдің апатты үйлер қатарына жататынын және алдағы уақытта күрелетіндігін хабарлады:

- Ондай үйлер Балықшыда да бар. Барлығы – 12. Олар өткен ғасырдың 40-50 жылдары салынды. Олардағы жылуға қатысты проблеманың орын алып отырғандығы бірінші жыл емес. Адамдар болса, тезірек көшіруді талап етіп отыр.

-Онда адамдарға жаңа үйлерді тапсыру мерзімінің біздің кінәмізден емес, қаржыландыру мәселесіне байланысты шамамен бір айға кешігіп отырғандығын түсіндіріңіздер. Адамдардың қолдарына үйлерінің күрелетін күні жазылған кестені беріңіздер. Осылай деген Дәукенов қала және аудан әкімдеріне қарап:

-Жылуға қатысты проблемалар туындаса облыстық әкімдікке қоңырау шалыңыздар. Егер оны шешу қолдарыңыздан келмесе, осы жерден реттеп отыратын боламыз. Жағдайды түзету үшін қандай шаралар алып жатқандарыңызды бізге егжей-тегжейлі хабардар етіңіздер. Алда әлі талай суық күндер болады,-деп қорытты. 

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

5 қаңтар 2012, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.