Атырау, 13 қазан 06:41
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шетелдіктерге де ЖИН керек

2 266 просмотра

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс аумағында жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтары секілді жеке идентификациялық нөмірлері (ЖИН) болуы тиіс. Бұл туралы қаладағы салық басқармасы бөлімінің бастығы Құралай АМАНҒАЛИЕВА хабарлады.

Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдіктер де салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) пайдаланады. Алайда егер Қазақстан азаматтарына халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілсе, шетелдіктер салық органдарынан арнайы үлгідегі бланктерде ЖИН алулары тиіс.

Атырау қаласындағы салық басқармасына шетелдіктерге арналған тіркеу куәлігінің бланкілері әзірге келмеген. Сондықтан ЖИН-ді оларға анықтама түрінде береді. ЖИН алмағандарға есепке қойылу үшін салық органына тез арада өтініш берген жөн. Мұны өздері немесе сенімді тұлға – салық агенті арқылы жасауға болады. Јздерімен бірге ЖИН жасату үшін аты-жөні, СТН көрсетіліп жазылған, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері тіркелген өтініш болуы керек. Ал келесіде анықтама алу үшін емес, ЖИН көрсетілген тіркеу куәлігін алу үшін салық органына қайтадан бару керек болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2012, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.