Атырау, 24 қазан 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Гимназияшылар білімге құштарлық танытты

2 784 просмотра

Жуырда облыстық ұлттық гимназияның бір топ оқушылары облыс көлемінде өткен ғылыми жобалар жарысында әр түрлі пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнагүл КЕМАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жарысқа қатысқан 17 оқушының 14-і мектеп мерейін асырып, республикалық сайысқа жолдама алды. Атап айтсақ, І орынды Мейрамгүл Мақсотова (информатика) жеңіп алса, ІІ орындар Берік Бердіғалиевке (математика), Асылхан Охасқа (қолданбалы математика), Айнұр Жәрдемоваға (физика), Төребек Хайдаров пен Мөлдір Сатқанға (жер және космос), Мақпал Елемесоваға (химия), Назерке Тілепбергеноваға (өлкетану), Жайнат Мұратоваға (қазақ тілі), Ботакөз Атимоваға (қазақ әдебиеті), Абылайхан Жұмашевқа (қазақ әдебиеті) берілді. Ал ІІІ орын иегерлері - Кемал Әлімжанов пен Еламан Мәдениетов (экология) және Еламан Бағытжанов (химия), Мөлдір Алтыбайқызы (биология).

Гүлмаржан Ғалымжанова (физика) мен Гаухар Ашығалиева (орыс тілі) арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Айнұр САПАРОВА

5 қаңтар 2012, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.