Атырау, 23 қараша 19:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Автобус BMW көлігімен соғысты

2 012 просмотра

28 желтоқсанда кешкісін Құрманғазы көшесінде «Мерей» автобазарына қарсы маңда 14-ші маршрут автобусы жеңіл көлікпен соқтығысқан. BMW көлігінің 23 жастағы жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, апат автобустың 40 жастағы жүргізушісінің кінәсінен орын алған. Ол қарсы жолаққа шығып кеткен екен. Жол полициясы қызметкерлері түсініктеме бергендей, кінәлінің жауапкершілік шегі жеңіл көлік жүргізушісі алған зақымның ауырлығына байланысты болмақ.

Алайда  кейін белгілі болғандай  алған жарақаттары салдарынан ВМW көлігінің  жас жүргізушісі  30 желтоқсанда  күндіз  көз жұмған.  Облыстық аурухана  травматологиялық бөлімі  меңгерушісі Руслан ҚАПАНОВТЫҢ айтуынша,  жігіт аса ауыр халде түскен.  Оның  ішкі құрылысы түгелдей жарақаттанған, бауыры езіліп, ішкі ағзаларынан қан кеткен, жамбас сүйегі, жіліншігі іштен сынып, аса көп қан жоғалтқан.

- Жігітке сол күні операция жасалды. Қолымыздан келгенше тырысып бақтық, бірақ ол көп қан жоғалтқандықтан біздің жанталасқанымызға  қарамастан  қайтыс болды. Сөз жоқ, ол жол апаты нәтижесінде алған жарақаттың салдарынан қаза тапты. Өз қорытындымызды тиісті уақытында сот медициналық сараптауына жөнелттік, - деді  Қапанов. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 қаңтар 2012, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.