Атырау, 14 желтоқсан 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Жаңа жыл мен Фаризаның құрметіне арналған отшашу

3 343 просмотра

Кішкентай Фариза жаңа жыл түні облыстық перзентханада дүние есігін ашқан алғашқы сәби болды.

Перзентханада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түндегі тәуліктік кезекшілік тыныш өтті. Бар болғаны 14 әйел босанды. «Бір ауысымда дәрігерлер 30-ға дейін жаңа туылған сәбилерді қабылдайтын кездер болып тұрады, - дейді аға медбике Гүлжан РЫСАЕВА. Түн ортасында әйелдер бір стаканнан шырын ішіп алды да, палаталарына тарасты. Біреулері жақындап келе жатқан бақытты сәттерін күтсе, енді біреулері керуетте томпиып ұйықтап жатқан жаңажылдық сыйлықтарына сүйсініп жатты. Аспанда отшашулар атылған кезде Гүлжанат ҮМБЕТЖАНОВА ғажайыптың енді-енді болатынын сезінген. Аналық сезімі алдамапты, кешікпей ол қызын құшақтап жатты. «Менің Ақшақарым!» - дейді ол қызы Фаризаны емірене. Сәби тек анасы мен әкесі Жазыгерге берілген тарту ғана емес, бүкіл отбасы үшін де тамаша сыйлық болды. Ата-әжесіАлмат пен Жамал ОРЫСБАЕВТАРДЫҢ алғашқы немерелері екен. Осынау әдемі есімді немересі қай жағынан да көшбасшы болсын деген үмітпен атасының өзі қойыпты. Лайым солай болғай.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

5 қаңтар 2012, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.