Атырау, 28 қараша 17:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жағалауда ішімдік ішпей, балалардан көз жазбау керек

2 796 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында 25 адам суға батып кетті. Соның ішінде кәмелетке толмаған жеті бала бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы қайғылы фактілер ТЖ департаментінің брифингін өткізуге түрткі болды.

Өткен жылдың осы кезеңінде 14 адам (бір сәби) суға кетті.

– Суға кету саны көбейіп тұр, бұл бізді қатты алаңдатады, - деді ТЖД бастығының орынбасары Замир БЕРДАШЕВ. – 13 адам балық аулау кезінде суға кетті, оның алтауы мас болған. Тағы бес адам тыйым салынған жерлерде шомылған, оның үшеуі ішімдік ішіпті. Ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар суға кетіп қалды. Қазір жаз маусымы, адамдар демалады, ішімдік ішеді, мұның бәрі түсінікті, алайда мынаны есте сақтасаңыздар екен: өте сақ болыңыздар, тіпті жақсы жүзе алсаңыздар да әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін. Балаларыңыздан көз жазбаңыздар!

Облыста шомылу және демалу үшін халық қолданатын жеті су тоғаны бар. Олар: Жайық, Қиғаш, Шарон, Ойыл, Жем, Сағыз өзендері және Қамыскөл шағын көлі. Ал ресми жағажай бар болғаны үшеу: екеуі Атырауда және біреуі Махамбет ауданында – «Бесікті» демалыс базасының маңында. Бұл база – шомылу үшін жабдықталған ресми орын және құтқарушылары бар. Әрине, «неліктен басқа демалыс базалары өз аумағында демалушыларға қауіпсіз шомылуды қамтамасыз етпейді?» деген сұрақ туындайды. Мамандардың пікірінше, база иелері келушілердің өмірі үшін жауапкершіліктен қорқатын шығар: демалушылар көп, олардың көпшілігі мас күйде болады. Жағажайды жабдықтау да қосымша қаржыны қажет етеді. Сондықтан шомылуға болмайтындығы туралы ескерту және тыйым салу белгілерімен шектеледі. Егер мұндай белгі болса, бүкіл жауапкершілік – шомылушылардың өздеріне жүктеледі. Ал олардың кейбірін кейін сүңгуірлер өзеннен өлі күйде шығарып алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

22 шілде 2016, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.