Атырау, 5 желтоқсан 10:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Спорт жаңалықтары

1 849 рет қаралды

Карате

Астанада шинкиокушинкай каратеден 12-ші халықаралық Astana cup-2016 турнирі өтті.

Турнирге Ресейден, Моңғолиядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Қазақстанның бүкіл өңірінен 600-ден астам спортшы қатысты. Турнир келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына даярлық аясында өтті. Облыстық шинкиокушинкай каратэ федерациясының 8 шәкірті біздің облысымыздың намысын қорғады. Олардың ішінде 8-9 жастағы топ арасынан Ринат Наукебаев (суретте) қола алқа иеленді.

***

Дзюдо

Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарында атыраулық дзюдошы Шынтас Серікболсын ерекшеленді.

Бірақ дзюдодан емес, якуттардың ұлттық күресі – курал сайысында көзге түсті. Якут күресін егжей-тегжей түсінетіндігін дәлелдеген Шынтас 75 келіге дейінгі салмақта алтын алқа тақты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.