Атырау, 27 желтоқсан 01:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жарайсыңдар, әріптестер!

3 539 просмотра

«ПЕ-РЕ-МЕ-НА!» газетінің жас тілшілері де өз жұмыстарының қорытындысын жасап, ең үздіктерді анықтады.

Бұдан бұрын біздің жас әріптестеріміздің пайда болғанын жазған едік. «Ақ бота» балалар үйінің, №1 интернаттың және «Шаңырақ» отбасылық ауылының шығармашыл балалары «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» (ҚТҰ) ҮЕҰ көмегімен «Пе-Ре-Ме-На!» газетін шығара бастады. «Өткен жылдары біз интернат мекемелерінде ата-аналарының қамқорлығынсыз толықтай немесе ішінара мемлекет қамқорлығында қалған балаларға арнайы сауалнама жүргізген едік. Сауалнама ерекше назар аударатын сәттерді анықтады. Біріншіден, оларды сыртқы ортамен ештеңе байланыстырмайды екен, сыртқа шыққан кезде олар көбінесе дәрменсіз боп қалады. Ұсынылған мүмкіндіктерді пайдаланбағандықтан және балалар үйінен немесе интернаттан тысқары жерде достары болмағандықтан, олар іштей өз проблемаларымен тұйықталып қалады, - дейді ҚТҰ жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. – Екіншіден, олар оқудан тыс бос уақытта ештеңемен айналыспайды, сурет салу болсын, жазу болсын немесе спортпен айналысу болсын, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Сол кезде бізде «Балалардың мүмкіндіктерін арттыру: жетістік жолында» деп аталатын жоба пайда болды».

Жоба аясында 40 бала көркем үйірмеге, 40 бала – спорттық үйірмеге жазылып, 20 бала жас тілшілер атанған. Олар осы уақыт ішінде газеттің 6 нөмірін шығарған көрінеді. Балалар өздеріне қызықты тақырыптар туралы жазыпты. №1 интернатта тәрбиеленуші Сулейман Фомин өздерінің сыныбындағы бастауыш сыныпты бітіру кеші қалай өткенін жазған. Балалар кіші мектеп звеносынан орта звеноға өтіп, сыныптарында 5 адам болғанына қарамастан бұл оқиғаны көңілді мейрамдаған. Сұлу Дөненбаева мектептеріне 1 шілдеде келген  Қыдырәлі Болманов туралы өз әсерімен бөліскен. Ал оның әпкесі Сандуғаш тіпті әртіспен бірге ән де айтыпты. Лиза Сафронова заңгер болуды, дәлірек айтқанда, тек кінәлілерді жазалайтын әділ прокурор болуды армандап, ал кінәсіз жандар ешқашан жапа шекпесе екен деп тілейді. «Ақбота» үйінің 9 сынып түлектері колледждерге және кәсіптік техникалық лицейлерге түсу үшін өздеріне мамандықтар таңдаулары тиіс. Олар емтихандар қалай өтеді және дұрыс таңдау жасай алдық па деген толқуларымен бөліскен. №1 интернатта жаңа спорттық алаңның ашылуы, ІІД-нен репортаж, олардың құрдастарының – жас суретшілердің жаңа шығармашылық жұмыстары, алғашқы жүздесу құпиялары мен қызықты мақала жазу шарттары – осының бәрі «Пе-Ре-Ме-На!» парақтарында көрініс тауыпты.

Балалар бір-бірімен де, жаңа, бейтаныс жандармен де тіл табысу оңай бола бастағанын байқаған. Олар командамен жұмыс істеуді, өз ойларын ашық айтуды және жұртшылық арасында еленуді үйреніпті.

Жас тілшілер арасында «Шаңырақ» отбасылық ауылынан Ғалия ЛҰҚПАНОВА мен «Ақбота» балалар үйінен Лиза САФРОНОВА үздік деп танылды. Мектеп-интернаттан келген Саша ҚҰРБАНОВ пен «Шаңырақтық» Ғанижамал ӨТЕҒАЛИЕВАҒА «Белсенді қатысқаны үшін» деген дипломдар тапсырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

4 қаңтар 2012, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.