Атырау, 23 қараша 19:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүзге баспа, жүз жаса!

2 436 просмотра

Өткен аптаның ішінде жол полицейлері жол ережелерін бұзған 1203 фактіні тіркеді. Ереже бұзушылар ішінде автоәуесқойлар да, жаяу жүргіншілер де болды.

10 автокөлік жолда мемлекеттік нөмірсіз жүрген, 19-ы күңгірттелген әйнекпен, 122-сі жылдамдықты асырған, 100 жүргізуші жүргіншілер өтетін жерден жаяу жүргіншілерді өткізбеген. Апатты жағдай туғызғаны үшін 9 автоәуесқой, 46 жүргізуші тоқтатылған. Олар рөлге масаң күйде отырған болып шықты. 120 адам қауіпсіздік белдігінсіз жүрсе, 62 адам көлікті жүргізіп келе жатып, телефонмен сөйлескен. Автоәуесқойлар арасында басқа да ереже бұзушылықтар орын алды.

Полицейлер жаяу жүргіншілерді де көз қырларына алды, бір апта ішінде 51 адам ұсталған, олардың барлығы да белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен. Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

4 қаңтар 2012, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.