Атырау, 25 сәуір 10:32
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Чекті жинап, автокөлік ұтты

1 911 просмотра

Облыстық «Чекті талап ет, автокөлік ұтып ал!» акциясының бас жүлдесін Атырау қаласының тұрғыны Жұмабек ЖҰМАЛИЕВ жеңіп алды.

Бұл біздің облысымызда аталмыш акцияны өткізудің алғашқы тәжірибесі болды. Акция барысында барлық ниет білдірушілерге чектерін жай ғана жинап, оларды ойын купондарына ауыстырып алу керек болатын. Алғашқыда оған қатысушылар саны ұйымдастырушылардың қалағанындай көп бола қойған жоқ. «Келесі жылы акцияға бұдан да көп адамдар қатысады деген сенімдеміз, өйткені, олардың бағалы сыйлықтарды ұтып алуға деген құлшыныстары зор. Уақыт өте тұтынушылардың чекті талап етуі олардың әдетіне айналатындығынан, ал, сатушылардың тексеру-кассалық аппаратымен жұмыс істейтіндігіне үміт артамыз», - дейді облыстың жұмыс берушілер және кәсіпкерлер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА.

Жүлделік қор барынша жап-жақсы болды. Кейбір қатысушыларға бірден бірнеше сыйлықтарға ие болу мүмкіндігі туды, айталық, бір бойжеткен тоңазытқыш, ноутбук, теледидар және косметика сатып алу үшін бірнеше сертификаттар ұтты. Ал, бас жүлде - «Лада» маркалы автокөлік Жұмабек Жұмалиевке бұйырды. Акцияның ұйымдастырушылары барлығы шамамен 100 сыйлықты ұтысқа шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қаңтар 2012, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.