Атырау, 23 қараша 19:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үздік кәсіпкерлер анықталды

2 530 просмотра

Жылдың үздік кәсіпкері атағын «Атаба» компаниясы тобының бас директоры Асқар ТАУБАЕВ алса, ал, жылдың ең табысты кәсіпкер-ханымы болып «Жемчужина» ЖШС басшысы Гүлфара ИСМАҒҰЛОВА аталды.

22 желтоқсанда «Атырау» мәдениет орталығында жылдың үздік кәсіпкерлеріне құрмет көрсетілді. «Биылғы жылдың еліміз үшін мерейлі жыл екендігін ескеріп, біз әдеттегі номинациялар бойынша үздіктерді анықтамай, өздерінің қызметін тәуелсіздік алған жылдары бастаған және содан бері өз бизнестерін сақтап, оны көркейтуге қол жеткізген кәсіпкерлерге таңдау жасадық,-деп атап өтті кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. Өз кезінде қоғам үшін базарда сауда жасау жат қылық болып есептеліп, жаңадан пайда болған коммерсанттарды «алыпсатарлар» деп атағанымызбен, жаңа мемлекетіміздің алғашқы заңды актілерінің бірі «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң болғандығы естеріңізде болар. Өз бизнестерін 90-жылдары заң базаларының болғанына қарамастан сақтап қалу оңай болған жоқ. Олардың көпшілігі бастаған істерін шын мәнінде одан әрі гүлдендіруге қол жеткізді. Мәслен, айталық, Назгүл ЖАЛЕЛОВА – Сәтбаев көшесіндегі «Залина» дүңгіршегінің қожайыны. Сол кезде балалар жаңадан пайда бола бастаған «Сникерс» және «Марсты» содан сатып алатын. Мариям БЕГАИСОВА – Құлсары қаласындағы алғашқы ашылған «Мәриям» сауда үйінің басшысы;  Жандарбек ИСМАҒҰЛОВ – «Арын» құрылыс дүкенінің қожайыны. Залдағы жиналғандар күні бүгінге дейін жұмыс жасап келе жатқан коммерциялық қызмет көрсетушілердің «пионерлерін» де еске алды. Олардың қатарында «Райхан» химиялық тазалау орталығы, «Коррадо» заңгерлік компаниясы, «Компас -Сервис» компьютерлік техниканы сату және қызмет көрсету компаниясы, «Ботагөз» ательесі, «Медицина» АҚ дәріханалар желісі және тағы басқалары бар. 

Тікелей өндіріспен айналысатын кәсіпорындар да аталып өтті: жиһаз жасайтын «АИНА» ЖШС, метал бұйымдарын шығаратын - «Саржанов» ЖК, арнаулы аяқ киім шығаратын  - «Эртри» ЖШС. Раушан РАХАТОВАНЫҢ «Раушан» және   Аманжол ЕСҚАРАЕВТЫҢ «Бірінші мамыр» шаруа қожалықтары секілді селолық кәсіпорындарды да атауды ұмыт қалдырмады. Олар күні бүгінге дейін өз аяқтарына тұрып келеді, жаңа цехтар ашып, ілеспе бизнестерін дамытуда (мәселен, түйе, қой жүндерінен төсек көрпе, жамылғы көрпелер тігіп шығаруда) және өз ауылдастарын жұмыс орындарымен қамтып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қаңтар 2012, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.