Атырау, 23 қараша 19:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бизнесті басыну бәсеңдейді

2 064 просмотра

Қылмыстық Кодекстің баптарына енетін зиян сомасының бастапқы мөлшері жаңа заң бойынша 10 000 АЕК-ке дейін көбейді.

Бұл туралы Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің (қаржы полициясы) аға инспекторы Зухра СӘРСЕНОВА хабарлады. Мәселен, экономикалық қылмыстың 13 түрі бойынша бастапқы мөлшер көбейген. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабында азаматқа тигізілген ірі зиян мөлшері 100-ден 1000 АЕК-ке дейін, ал мекемеге немесе мемлекетке тигізілген зиян мөлшері 1000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін артқан. Ол орын алған жағдайда Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осыған орай, табыстың бастапқы мөлшері де көбейді: ірі мөлшерде – 500-ден 10 000 АЕК-ке дейін; аса ірі мөлшерде – 2000-нан 20 000 АЕК-ке дейін; ҚК-тің 190-бабы бойынша акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау немесе өткізудің мөлшері әжептәуір – 100-ден 1 000 АЕК-ке дейін көбейді. Яғни, бұрын істе 500 АЕК-тен басталатан сома көрініс тауып, қылмыстық іс деп саналған болса, енді ол әкімшілік Кодекстің баламалы баптарына түсетін болады.

З. Сәрсенованың айтуынша, «құқық-қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң бизнеске қысым жасауды азайтуға бағытталған әрі құқықтық мемлекеттің көпшілік мақұлдаған стандарттарына жуықтатылған. Жаңа заң арқылы заңсыз әрекеттер жасауға ынталары артпас үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің осындай баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік күшейтілген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қаңтар 2012, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.