Атырау, 5 қазан 01:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шоланда үш жыл жатқан мүрде

2 278 просмотра

Жұмыскер поселкесіндегі жеке үйлердің бірінің шоланынан адам мүрдесі табылған. Алдын ала жүргізілген тергеу болжамдары бойынша ол мүрденің шамамен үш жылдай жатып қалғандығы анықталды.

24 желтоқсанда поселкедегі тұрғындардың бірінің туысқандары мас болған үй иесін тыныштандыра алмай, полицияны шақырған.

- Бұл бір қарағанда, отбасылық жанжалға шақырту болатын, сөйтіп, Жұмыскерге учаскелік полицей келеді. Оқиға болған жерді тексере бастаған оның назары шоланның бетонды еденінің бұзылып жатқандығына түседі. Кейін полицей ол жерден адам сүйектерін көреді,- деп әңгімелейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Учаскелік инспектор жанжалқор жігітпен әңгімелесе келе арысында бұл мүрденің шоланда үш жыл бойы жатқандығы анықталады. Ұсталушының айтуына қарағанда, 2009 жылдың сәуір айында ол белгісіз бір ер адаммен танысып, таныстықтарын «жуады». Алайда, отырыс барысында жанжал туып, ақыры үй иесі ас үй пышағымен қонағын о дүниеге аттандырып жібереді. 

Өлген адамның мүрдесін ол шоланына көміп тастайды. Өткен жылы  өз қылмысын жасырмақ болып, шолан еденіне бетон құяды. Ал, таяуда мүрдеден мүлдем құтылуды ойлап, өзенге ағызып жібермекші болған. Бірақ ойын аяғына дейін жүзеге асырудың сәті түспеді. «Қазып алынған адам қаңқалары сараптамаға жіберілді, қазір мамандар өлген адамның жеке басын анықтауға жұмыстануда, - дейді Г.Мұхтарова. Қылмыскер уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс көтерілді».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қаңтар 2012, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.