10 шілдеде «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Ақтөбе» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 20-сы турының матчы өтті.
Алаң иелері үшін бұл матч өте маңызды еді. Бастысы тек үш ұпай ғана емес, қостанайлық «Тобыл» иемденген алғашқы алтылыққа қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алмау еді. Жерлестеріміздің бас бапкеріне бірқатар ойыншылардың жарақат алуына байланысты команда құрамына өзгеріс жасауға тура келді, дегенмен «Атырау» ойынды ширақ бастады. Алайда, бірінші тайм еш өзгеріссіз болды, ойынның 53-ші минутында біздің командағы украиндық жартылай қорғаушы Владимир АРЖАНОВ кркек кезінде керек жерден табылып, мүмкіндікті сәтті пайдаланып, есеп ашты. Жанкүйерлер ойыншыларды екінші гол соғуға шақырып, трибунаны сілкіндірді. Қалған уақыттың ішінде «Атырау» футболшылары батыл шабуылдар жасағанымен, гол соғудың сәті түспеді. Ал, ойынның 87-ші минутында қақпаға (Никита БОЧАРОВ) гол жіберіп алды. Матч қорытындысы бойынша есеп 1:1. «Атырау» өз алаңында көптен бері жеңіске қол жеткізе алмай келеді.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор