Атырау, 7 қазан 11:15
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сіздер ұйымдастырған мереке

2 547 просмотра

Өзіміздің дәстүрге айналған акциямызды жариялай отырып, біз былтырғы жылға қарағанда одан да көп баланы қуантпақ болып шештік. Шыны керек, сәл-пәл қобалжығандықтан бізге жәрдемдесуге ниет білдірген екі демеушінің көмегіне  иек артуға тура келді. Алайда, олардың көмегі қажет те болмай қалды және мен тағы да жер бетінде жақсы да қайырымды адамдардың көп екендігіне көзімді жеткіздім.

Акция жария болған күннен бастап, балаларға сый тартуға ниет білдірушілердің қоңырауынан редакция телефоны дамыл таппады. Акцияның аяғына қарай редакция сыйлықтарды түрлі-түсті баулармен безендірді, ал, үлкен-үлкен қораптар бос жер қалдырмады.

Формалары мен бет-жүздері, мөлшерлері түрлі, көйлегі, үйі, ыдыс- аяғы және басқа қызықты аксессуарлары бар елудей қуыршақ, сурет салуға арналған альбомдар, қаламдар мен қарындаштар, фломастерлер. Біздің барынша мұқият деген оқырмандарымыз, тіпті, қылқаламдарды да ұмытпапты. Тек бір ғана шашқа тағатын ободоктардың саны отыздан асты, бұл басқа да шаш қыстырғыштарды, моншақтарды қоспағанда.  Бакугандар, трансформер, жанатын Джедаев семсері (неге екені белгісіз бұған біздің редакцияның ерлер жағы қатты қызығушылық танытты) және тетігі бар машиналар таудай үйілді...

Күн сайын редакция кеңсесіне адамдар жұмсақ ойыншықтар мен түрлі-түсті қораптарға толы пакеттермен келіп жатты. Ол қораптарда түрлі ұсақ заттардан, айталық, балалар стикерінен ұялы телефондарға дейін болды. №7 мектептің 10 «а» сыныбының бір топ оқушыларының (төменгі суретте) қадамы көзге жас алдыртты. Олар да қайырымды сиқыршы болуды шешіп, үлкен-үлкен қораптағы ойыншықтарды алған. Олар біздің газеттегі тізімге қарамастан барлық балаға өздері қалаған сыйлықтарын ұсынбақшы болды. Түрлі қызықты жазулары бар төсбелгілер, минеральды тастары бар білезіктер, кішкене қаламдар, салпыншақтар, әтір жиынтықтары, қойын кітапшалары мен басқа да көптеген ұсақ-түйектер барлық балалар үшін керемет сый еді. Өткен жылдағыдай биыл да тапсырыс берген сыйлықтан басқа пакет тағы да тосын сыйларға толы болды. Қалалықтардан басқа, балаларға сыйлық жасауға бүткіл мекеме болып, бюджеттен ақша бөле отырып ұйымдасқандар да болды. Біз ондай фирмаларға бұрын болмаған үстел ойындарын, мәселен, хоккей мен футбол ойыншықтарын әкелуді тапсырдық. Ондай үш қорапты біз жасы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және үшеуін мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңтайландыру орталығына сыйға тарттық. Оқырмандарымыздың алғашқы болып әкелген бірнеше ұялы телефондары  мен МП-3 плейрлерін ұсынып, қуыршақпен және машинамен ойнамайтын ересек балаларды қуанттық. Осы екі мекемеде өтетін балалардың ертеңгіліктерінен бір күн бұрын 27 желтоқсанда  біз сыйлықтарды сайлай бастадық. Жұмыс аяғына қарай ер балалардың сыйлығы қыздарға қарағанда айтарлықтай аз екендігін білдік. «Қызғылт» сыйлықтар жағы таудай болып үйілсе, машиналар мен ұшақтар-трансферттер азая берді.

Міне, ғажап! Редакцияға балаларға сыйлық жасауға ниет білдірген Елена қоңырау шалды. Біз оған орын алған проблемамызды айттық, ол болса қайтадан хабарласпақшы болды. Артынан оның өз достары мен таныстарын ер балалардың сыйлығын толықтыру үшін біраз үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тура келгендігін білдік. Қажетті сыйлықтарды ертеңігіліктің  басталуына дейін бір сағат қалғанда әкеліп үлгерді. Біз үлгердік! Барлық сыйлықтар түгелімен балаларға үлестірілді.

Редакция өзінің қайырымдылық акциясына қатысқандардың баршасына алғыс білдіреді. Жаңа жылдарыңызбен!

Анастасия ПАСТУХОВА

Сутеттерді түсірген В.Истомин

4 қаңтар 2012, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.