Атырау, 18 қазан 08:57
 дождьВ Атырау +11.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

​Шаолинь монахтарының мұрасы

2 120 рет қаралды

Мәскеуде Ресейдегі Шаолинь монастырының ресми өкілі шебер Ши Янбин мектебінде 10 күндік семинар өтті.

Бағдарламаға цигун және шаолинь бойынша кунг-фу енгізілген. 1500 жылдан астам уақыт Шаолинь монахтары цигун, медитация және жауынгерлік өнерді біріктіре отырып ерекше тәсілдерді қолданып келеді. Қазақстаннан барған бір ғана өкіл – Атырау облысының айкидо айкикай федерациясының президенті, 4-ші дан қара белдік иесі Нұрлан Шайхиев қатысты. Семинар аяқталған соң ол ҚР-да цигун және шаолинь кунг-фудан дәріс беруге құқық беретін сертификат алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.