Атырау, 23 қараша 19:27
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа жылдың алғашқы сағатында Kcell және Activ абоненттері 12,2 миллионға жуық қоңырау шалып, 2,7 миллионға жуық СМС-хабарлама жолдаған

2 118 просмотра

АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Қазақстан жаңалықтары АА. 2012 жылдың 1-ші қаңтары күні алғашқы сағатында Kcell және Activ абоненттері 12,2 миллионға жуық қоңырау шалып, 2,7 миллионға жуық СМС-хабарлама жолдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

4 қаңтар, 2012 г., г. Алматы. Kcell және Activ абоненттері жақындары мен туыстарын Жаңа жылдың алғаш минуттырында 12,2 миллионға жуық қоңырау шалып, 2,7 миллионға жуық СМС-хабарлама жолдап құттықтады.

Компания өз желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға арналған барлық қажетті шараларды алдын ала әзірледі. Байланыста туындап қалатын мәселелерді жедел түрде шешу үшін, компанияның ондаған қызметкері Жаңа жыл түнінде Қазақстанның түрлі аймақтарында жұмыс орындарында кезекшілік етті. «Жаңа жылдық мереке жыл сайын желі сапасының сынағы болып табылады.

Өткен жылдардағыдай биыл да біздің жүйе жүктелуді көтере білді, мәселен, Жаңа жылдың алғаш сағатында-ақ қоңыраулар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 миллионға көбейді» - деді Вейсел Арал, GSM Қазақстан/Kcell Бас Атқарушы Директоры.

31 желтоқсан күні шалынған қоңыраулар нәтижелігі 99 пайызды құрады, ал Жаңа жылдық түнде бұл көрсеткіш 98 пайызға тең болды, сонымен бірге, GSM Қазақстан/Kcell абоненттері Жаңа жылдың алғаш төрт сағатында 35,8 миллионнан астам қоңырау шалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 миллион қоңырауға артық.

Жолданған СМС саны былтырғы деңгейге теңдей болып, 6,2 миллион құрады, оған қоса, Жаңа жылға бір сағат қалғанда абоненттер 11 миллионнан астам СМС жолдады, 2011 Жаңа жылмен салыстырғанда, бұл 4 есе артық болды. Жалпы абоненттердің қоңырау шалу белсендігі әдеттегімен салыстырғанда 85 пайызға артты, ал жолданған СМС хабарламалар саны 6 есе артық болды.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

4 қаңтар 2012, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.